KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885957
2019 жылы:  19672
бүгiн:  1
қазiр:  35
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.12.2016

   2016 жылғы 22 желтоқсанда Нәзира Дәулетова атындағы залда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Women of Kazakhstan» үкіметтік емес ұйымы «Қазақстанның ұлы арулары» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

   «Women of Kazakhstan» ұйымының негізгі қызметі - гендерлік тепе-теңдікті сақтау үшін Қазақстан әйелдерінің жергілікті және халықаралық деңгейдегі жетістіктері туралы қоғам арасында ақпарат аясын кеңейту және Қазақстан әйелдерінің құқықтары мен мүмкіншіліктерін арттыру болып табылады.
Іс-шара аясында келесі көрмелер өз есіктерін ашады:
1. Walking Almaty жобасының көмегімен «Әйелдер құрметі үшін аталған Алматы қ. көшелері» фото-көрмесі.
2. «Бүркітші қыздар» фото-көрмесі.
3. «Қазақстанның ұлы арулары» көрмесі.
4. Қазақстан аруларының портреттері көрмесі/графика.

   Мақсатымыз:
- Wikipedia-ға Қазақстанның ұлы арулары туралы толық ақпараттарды үш тілде енгізу үшін Wikibilim Қоғамдық Қорының көмегімен қажетті ресурстарды тарту.
- Қазақстанның ұлы аруларының фотосуреттерін қалпына келтіру үшін қажетті ресурстарды тарту.
   Қазақстанның тәуелсіздік жылдары ішінде гендерлік саясат ел дамуының маңызды құрамдас бөлігіне айналып отыр. Осы уақытта гендерлік тақырып бойынша елімізде 200-ге жуық үкіметтік емес ұйымдар айналысып келеді.
   Біз қолданып отырған әдіс - Қазақстан аруларының қоғам алдында маңызды орын алатыны туралы ақпараттық кеңістікте жариялау болып табылады. Еліміздің ұлы аруларының жеке-жеке өмірлері бір ғажайып жолдар екеніне көз жеткіздік. Алайда, осы арулардың өмірбаяндары ашық ақпарат көздерінде мүлде жоқ. Біздің бүгінгі бастамамыз Қазақстанның ұлы арулары туралы ақпаратты ел ішінде ғана емес, бүкіл әлемге паш етуге өз үлесін қосады деп үміттенеміз.
   Сөз сөйлегендер: «Қазақстан әйелдері» үкіметтік емес ұйымының директоры Динара Асанова, Дамыту департаментінің HR-менеджері, МАИН корреспондент мүшесі Стеблякова Әсия Алиевна, тарихшы, жазушы, аудармашы Қайрат Жаңабаев, ҚР Ұлттық кітапханасының мерзімді басылымдар қызметінің жетекшісі Фарида Aбатовa.

   Қатысушылар: АҚШ-тың Алматыдағы бас Консулы міндетін атқарушы Кристофер Мак Кейб, ҚР Ұлттық кітапханасының оқырмандары мен қызметкерлері, Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының студенттері.

 


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование