KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060129
2019 жылы:  125664
бүгiн:  1
қазiр:  17
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.11.2016

   2016 жылғы 28-29 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасы Алматы қаласының № 12 Орталық қалалық клиникалық ауруханасында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне және Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы» атты көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.

   Көрме медицина қызметкерлерінің салтанатты жиналысына орай ашылды. Көрмені аурухананың бас дәрігері, профессор М.Абдуллаев ашты, ол осындай іс-шараларды жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Көрмеге денсаулық сақтау Басқармасының бастығы В. Ахметов те қатысты.
   Экспозиция бес бөлімнен тұрды: «Менің Қазақстаным», «Энциклопедия», «Н.А. Назарбаевтың еңбектері», «Н.А.Назарбаевтың шет тілдеріндегі еңбектері», «ҚР Тұңғыш Президенті Н.А.Назарбаев туралы әлем», сондай-ақ жас Н.А.Назарбаевтың өткен ғасырдың 60-шы жылдарындағы газеттерден алынған мұрағаттық суреттері енгізілген.
Кітап көрмесі аурухана қызметкерлерінің және келушілердің үлкен қызығушылығын тудырды. Екі күн ішінде көрмені 1000-нан астам адам тамашалады.
   ҚР Ұлттық кітапханасы басшылығының атына ОКҚА атынан алғыс хат жолданды.
   Іс-шара туралы және көрменің фотосуреттері 29.11.2016 жылы «Вечерний Алматы» газетінің тілшісі Н.Вержбицкойдың «Знаменательная дата»  мақаласында жарық көрді.

  

  


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование