KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886030
2019 жылы:  19745
бүгiн:  1
қазiр:  45
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.12.2016

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жанынан қазақстандық жазушы, драматург Николай Иванович Ановтың 125 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Николай Иванович Анов 1891 жылы 30 желтоқсанда Петербург қаласында дүниеге келді (Ресей). 1908 жылы еңбек жолын тиегіш, құюшы, баспагерліктен бастады. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қолданыстағы әскер қатарына шақырылды.
   Н.Анов Сібір мен Қазақстанның әртүрлі қалаларында өмір сүріп жұмыс істеген. 1917 жылдан 1920 жылға дейін «Известия Омского ревкома», «Советская Сибирь» газетінің  қызметкері, 1920 жылдан 1923 жылға дейін «Советская власть» (қазіргі «Рудный Алтай»), 1923 жылдан  1925 жылға дейін − «Степная правда» (қазіргі «Иртыш»), 1925 жылдан 1927 жылға дейін – «Советская степь» (қазіргі «Егемен Қазақстан»). 1927 жылдан 1930 жылға дейін «Сибирские огни» журналы редакциясының қызметкері, 1930 жылдан 1951 жылға дейін Мәскеу қаласының «Красная новь» журналының редакция меңгерушісі. 1951 жылдан бастап жазушының шығармашылық қызметі басталып, оның оқырмандары көбейе бастады.
   Н.Ановтың «Кормилец» атты бірінші әңгімесі 1914 жылы «Правда» газетінде жарық көрді. Одан кейін «Смерть Агаши», «Корреспондентка», «Лепта» әңгімелерімен ұласты. 1927 жылы ол прозаға қайта оралды, «Награда» повесін (1927), «Сибирские огни», «Азия» романдарын (1929) жазды. Роман қолжазбасын орыс жазушысы А.М. Горький оқып, өзі құрған «Наши достижения» журналы редакциясына жұмыс істеуге шақырды.
    Н.Анов екі атақты романдардың авторы: «Ак-Мечеть» Қазақстанның Ресейге қосылуы − қиын әрі драмалық уақыт туралы (1948) және «Крылья песни» алғашқы қазақ театрының тарихы және халық таланттарының гүлденуі туралы (1956).
   Н.Ановтың әдеби шығармашылығында маңызды орын алған өмірбаяндық трилогиясы: «Юность моя» (1964), «Выборгская сторона» (1970), «Интервенция в Омске» (1978). Жазушы драма және көркем әдеби аударма жанрына көп көңіл бөлген. Ол «По велению сердца» (1955), «Оренбургская старина» (1956), «Наследники» (1961) пьесаларын жазды. Қазақ халық ертегілерінің жинақтарын және М.О.Әуезовтің «Абай жолы» романының екінші кітабын орыс тіліне аударған.
   Әдебиет саласындағы өз қызметтері үшін Николай Анов екі дүркін Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталды. Қазақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1970).

   Николай Иванович Анов 1980 жылы 18 шілдеде Алматы қаласында қайтыс болды.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Николай Ановтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, шығармалары, мерзімді басылымдар беттеріне жарияланған мақалалары және туыстары мен достарының естеліктері ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование