KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885989
2019 жылы:  19704
бүгiн:  1
қазiр:  55
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.12.2016

   2016 жылғы 27 желтоқсанда Нәзира Дәулетова атындағы залда Әлихан Бөкейханның 150-жылдық мерейтойы аясында қандай шаралар болғандығын қорытындылайтын алаштанушылар мен тарихшылар, қызығушы қауым қатысатын дөңгелек үстел өтті.

   Дөңгелек үстел аясында Қазақ Географиялық Қоғамының қолдауымен шығарылған «Әлихан әлемі» кітабының тұсаукесері жасалды. Кітаптың авторы – алаштанушы ғалым Қайырбек Кемеңгер. Басылымдағы материалдардың біраз бөлігі ҚазГео ұйымдастырған ғалым, ағартушы, саясаткер Әлихан Бөкейханның 150-жылдық мерейтойына арналған, жолы Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекеттерін қамтыған халықаралық экспедиция барысында жинақталған.
   Кітапта Әлихан Бөкейханның еңбектері тарихи-деректемелік тұрғыдан сараланған. Сондай-ақ, кітапта автордың мақалалары мен ҚазГео ұйымдастырған ғылыми-танымдық экспедициясы бойынша жолжазба енгізілген. Кітап оқырмандары Алаш көсемінің ел еркіндігі үшін істеген ерен еңбектерімен, өмір жолымен, сондай-ақ ҚазГео-ның ғылыми шараларымен таныса алады.

   Тұсаукесерді ҚазГео-ның жобалар жетекшісі Қайсар Тұрсынғожаев жүргізді.

   Сөз сөйлегендер: ф. ғ. д, профессор, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері Айгүл Ісмақова, кітаптың авторы, ЕҰУ Қазақ әдебиеті кафедрасының доценті Қайырбек Кемеңгер, Алмат Басенов ҚР Ұлттық Банкінің бас дизайнері, профессор Ж.Кәкішев, тарихшы Ә.Құдайберген, ғалым М.Сәрсенбаев және т.б.

   Қатысушылар: қоғам қайраткерлері, кітапхана қызметкерлері, БАҚ өкілдері.

  

       


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование