KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060124
2019 жылы:  125659
бүгiн:  1
қазiр:  15
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.01.2017

   «Өнер» бөлімінің оқу залында театр сыншысы, аудармашы, педагог, профессор Әшірбек Сығайдың 70 жылдығына арналған «Сыннан сыр түйген шебер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Сығай Әшірбек Төребайұлы Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласында дүниеге келген. 1969 жылы Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) актерлік бөлімін (проф. Х. Бөкееваның шеберханасы), 1979 жылы Мәскеу театр өнері институтының аспирантурасын бітірді. 1974-1978 ж. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің өнер ісі жөніндегі басқарма бастығы. 1979-1983 ж. Қазақстан Компартиясы ОК-нің мәдениет бөлімінде нұсқаушы, 1983-1988 ж. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің орынбасары, 1989-1991 ж. Алматы театр көркемсурет институтының ректоры, 1991-1994 ж. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 1-орынбасары болып қызмет атқарды. 1994 жылдан өнертану факультетінің профессоры. 2003 жылдан Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Алматы қаласындағы өкілі.
   1967 жылдан бастап театр өнері жайындағы мақалалары республиканың баспасөз беттерінде жарық көре бастады. Ол «Іңкәр шақ» (1978), «Сырсандық» (1981), «Сахнаға сапар» (1991), «Жарнама алдындағы ой» (1993), «Сахна саңлақтары» (1998; Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы, 2000), «Театр тағылымы» (2004), «Толғам» (2004), «Талдықорған театры» (2005) т.б. кітаптардың авторы.
   Сонымен қатар, В.И. Ежовтың «Бұлбұлдар түні», О.Ш. Иоселианидің «Арбаң аударылғанда», Ж.Б. Мольердің «Еріксіз үйлену», К. Гольдонидің «Күлкілі оқиға», т.б. шығармаларын аударды. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1989).
   Кентау (1997) және Түркістан (2001) қалаларының құрметті азаматты. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1989). «Құрмет» орденімен марапатталды (2004).

   Кітап көрмесінде Ұлттық кітапхананың кітап, мерзімдік басылымдар қорынан Әшірбек Төребайұлы Сығайдың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған.

   Кітап көрмесіне келіңіздер!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование