KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886206
2019 жылы:  19921
бүгiн:  1
қазiр:  16
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.01.2017

   Әлем әдебиеті қызметінің оқу залында орыс жазушысы Федор Михайлович Достоевскийдің «Преступление и наказание» романының 150 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Федор Михайлович Достоевский – атақты жазушы, ойшыл, орыс әдебиетінің классигі. Ол «Братья Карамазовы», «Униженные и оскарбленные», «Идиот», «Преступление и наказание»  және т.б.  мәңгілік  шығармалардың авторы. 
Жазушы 1821 жылы 11 қарашада Мәскеуде көпбалалы әскери дәрігердің отбасында дүниеге келді. Анасы қайтыс болғаннан кейін 15 жасында  бауыры Михаилмен Санкт-Петербургке көшіп келуге мәжбүр болып, сол жердегі Әскери Инженерлік Училищеге оқуға түседі. «Бедные люди» атты ең алғашқы шығармасын жазушы 1844 жылы жарыққа шығара салысымен, артынша үлкен атаққа ие болады. Федор Михайлович Достоевскийдің «Преступление и наказание»  романы алғаш рет 1866 жылы «Русский вестник» атты журналында жарыққа шықты. Шығарма жазушының атақты «Идиот», «Бес», «Подростком»  және «Братья Карамазовы» атты шығармаларының қатарында шебер жазылған бес кітап  болып енді. Роман толықтай 1867 жылы жарыққа шықты. Достаевский бұл романға көп еңбектенді. Жаңа шығып жатқан басылымдардың алғашқы бетіне шығару үшін қатты асықты. Роман журналға  шыға салысымен, артынша  басқа басылымда Достоевскийдің жеке алғы басылым сөзімен алты бөлімнен тұратын  романы жарыққа шықты. Осы басылымда  Достоевский едәуір қысқартулар мен өзгертулер енгізді: алты бөлімді үш бөлімге дейін қысқартып, тарауларын бөлді. «Преступление и наказание» - Достаевскийдің ең  салмақты, терең, өзіндік ерекше романдарының бірі. Сонымен қатар, бұл едәуір сәтті романдарының бірі.
Романның басты көрінісі басты кейіпкер Родион Роскольниковтың төңірегінде болады, оның  ойы қылмыс жасау еді.  
   Раскольников кедей, оқуына ақша төлемек тұрмақ, өмір сүруіне де қаражаты жоқ еді. Оның ең соңғы тығырықтан шығатын жолы өзінің қожайын кемпірін өлтіру болатын. Осы уақыттан бастап, оның азапқа толы өмірі басталады. Достоевский  нәзік психологизмді, әрекет түйсігінің бояуын қанық жеткізе білді. Роман желісінде жаңа кейіпкерлер бірінен соң бірі бой алдыра бастайды. Өмір оны жалғыз басты шатасқан бейшара қызбен кезіктіреді. Ол сол - Соня Мармеладова деген қыздан қолдау көріп, пана табады. Романның соңында, қажыған күдігімен Родион тергеушіге барып өз қылмысын мойындайды. Роскольников бәрібір  қылмысын мойындамайды; ол тек өзінің әлсіздігіне бой алдырып  ақымақ болғанына ғана өкінді. Ф.М. Достоевскийдің «Преступление и наказание» романы әлемдегі ең ұлы шығармалардың қатарына жатады, бағасы уақыт өткен сайын кемімейді, керісінше әрбір келер ұрпақ үшін дәрежесі арта бермек.
   Роман әлемнің көптеген тілдерінде аударылды: ағылшын, француз, неміс, чех, итальян, хорват, болгар, литва, қазақ, қытай және тағы басқа тілдерде. Эсперанто тілінде бүкіл роман 1993 жылы жарыққа шықты; аударманы (эсп. «Krimo kaj puno») Андрей Парфентьев орындап шықты. Роман желісі бойынша біршама көркем және аннимациялық фильмдер түсірілді.  
   ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан көрмеге Федор Михайлович Достоевскийдің әр жылдардағы, ағылшын, қытай, орыс, қазақ тілдерінде жазылған Преступление и наказание» кітаптары мен жазушының шығармашылығы туралы қызықты әдебиеттер жинағы ұсынылған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование