KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060174
2019 жылы:  125709
бүгiн:  1
қазiр:  11
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.01.2017

   2017 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Ақжайық, Сырым, Теректі Шыңғырлау, Федоровка аудандары қатысқан онлайн-кездесу өтті.

   Онлайн-кездесу Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен атақты батыр, әйгілі шешен Сырым Датұлының 275 жылдығына арналды.
   Кездесуге қатысқан Орал өңірінің тумасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Донеділ Қажымов – Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, өзінің асқан даналығымен, шешендігімен және батырлығымен есте қалған, халықтың рухын оятып, бостандық үшін қаншама жыл арпалысқан, есімі тарихқа өшпестей етіп жазылған Сырым Датұлының өмір жолына тоқталды.
   Республика көлемінде аталып өтетін Сырым Датұлының туғанына 275 толуына орай өткізілетін іс-шаралардан ғалымдар тарапынан батыр өмірінің соңғы кезеңі туралы тың мәліметтер күтетінін айтып, торқалы тойдың қарсаңында бас қосып отырған онлайн-кездесу қатысушыларына сәттілік тіледі.

  


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование