KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15059622
2019 жылы:  125157
бүгiн:  1
қазiр:  29
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

18.01.2017

   «Қазақстан кітаптары» оқу залында «Қазақстан Халық жазушыларының шығармалары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   1984 жылы 20 қаңтарда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен «Қазақ КСР-нің халық жазушысы» құрметті атағы бекітілді. Құрметті атақ қазақ қеңес әдебиетін дамытуға көрнекті еңбегі үшін, жоғары көркем шығармалар мен әдебиеттану жөнінде жасаған еңбектері үшін прозашыларға, ақындарға, драматургтерге, аудармашыларға, сыншылар мен әдебиеттанушыларға, қоғам өміріне бұрынғы КСРО халықтарының әдебиеттерін жақындастыруға және өзара байытуға белсене атсалысқан тұлғаларға берілді. 
   «Қазақ КСР-нің халық жазушысы» құрметті атағымен 1984 жылдан 1998 жылға дейінгі кезеңде 38 жазушы марапатталды. Оның ішінде: Т.Ахтанов, Т.Әбдрахманова, К.Жұмәділов, Ә.Кекілбаев, О.Сүлейменов, Ф.Оңғарсынова, М.Шаханов, З.Сәмеди, М.Симашко, И.Щеголихин және т.б. 1999 жылдан бастап «Қазақ КСР-нің халық жазушысы» атағы берілмейді.
   Қазақстандық жазушылар мен ақындардың шығармашылығы әрқашан − Отан қорғауға және халық мүддесіне қызмет етуде бір. Әдебиет әрқашан руханияттың қайнар көзі мен ұлттық сана-сезімді сақтайтын және ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін адамгершілік күші болып табылады. Өз шығармашылықтарында жазушылар халық даналығы мен күшін, қиын қыстау кезеңдерден өтуге көмектесе алатын батырларын табу үшін өткенге жол ашатындай.

   Кітап көрмесі оқырмандарға әр жылдарда шығарылған Қазақстан халық  жазушыларының шығармалар жинағымен және көркем шығармаларымен таныстырады. ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде 1000-нан астам кітап қойылды.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование