KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885980
2019 жылы:  19695
бүгiн:  1
қазiр:  53
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.01.2017

   2017 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Респуликасының Ұлттық кітапханасы мен «Жас Отан» жастар қанатының бірлесіп ұйымдастыруымен жастар арасында «Буккроссинг» кітап алмасу күні өтті.

   Алматы қалалық «Жас Отан» жастар қанаты төрағасының орынбасары Жұлдыз ЫБЫТАЕВА бастаған бір топ «Жас Отан» жастары, ЖОО студенттері мен кітапхананың тұрақты оқырмандары келді.
   Іс-шараны Алматы қалалық «Жас Отан» жастар қанаты төрағасының орынбасары Жұлдыз Ыбытаева ашып, іс-шара туралы жастар арасында басталған бұл бірегей бастама жыл соңына дейін жалғасатын айтты. Шараның басты мақсаты – жастар арасында кітап оқу сапасын жоғарылату және мәдениет сапасын арттыру болып табылады. Бұл "Буккроссингтің" бір ерекшелігі – біздің жастар өзінің оқыған кітабын басқа кітаппен алмастырады. Сонымен қатар, бүгінгі шараның өзіндік талаптары да болды. Мәселен, осы жерде алмасқан кітабын әлеуметтік желіде насихаттап, ол туралы ой-пікірін жазу, өз ортасында кітап мәдениетін жоғарылатуға үлес қосу туралы әңгімеледі.
   Шараның жастар арасында өтуі – әлеуметтік желіге байланған жастардың кітап оқуға деген талпынысын оятады. Бұл кітап оқуға деген сезімді оятудың өзіндік бірегей тәсілі. Өйткені, бұл шара кітапхананың ішінде емес, ауласында, жол жиегінде өтті. Оның да себебі бар. Кітапханаға баратын адам кітап үшін арнайы барады. Ал буккроссинг акциясында сіз өз кітабыңызды, көше бойында, саябақта өтетін өзіндік уақыты аясында тегін алмасып, өзге досыңыздағы маңызды кітапқа қол жеткізе аласыз. Тіпті орыс, ағылшын тіліндегі кітаптар да бар.
   Шараны Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының қызметкері Аян Темірбекұлы жүргізді.

  

  


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование