KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886052
2019 жылы:  19767
бүгiн:  1
қазiр:  12
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.01.2017

   2017 жылғы 17 қаңтарда ҚР Ұлттық кітапханасы «Қазақстан кітаптары» қызметінің жетекшісі М.Б.Жаркналова мен топ жетекші Г.М.Бахтыгереева Қазақстан Жазушылар одағы мен Алматы қаласының Республикалық Достық үйінің қызметті қамтамасыз ету бөлімі бірлесіп ұйымдастырған «Мәңгілік елім менің - Вечная страна моя» поэзия антология» кітабының тұсаукесеріне қатысты.

   Антология Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай әзірленді.  Бұл кітапта автордың Қазақстандағы ұлыстардың көптүрлілігін таныстыратын, атап айтқанда: қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр,  күрд, татар, кәріс,
шешен, белорус, неміс, түрік, дүнген  және т.б. шығармалары жинақталған.
   Антологияға лирикалық, лиро-эпостық, философиялық, публицистикалық жанрларда ана тілінде жазылып, орыс тіліне аударылған 50 ақынның өлеңдері енгізілді. Кітап «Altyn Kyran» халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен «Ан-Арыс» баспасынан басылып шықты. 
   Іс-шараға қатысқандар: Қазақстанның белгілі ақындары мен жазушылары, республикалық және қалалық этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасының өкілдері, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының өкілдері,  Алматы қаласының жұртшылығы.
   Іс-шараны жүргізген Қазақстан Жазушылары одағының төрағасы Нұрлан Оразалин.
Тұсаукесер барысында «Мәңгілік елім менің - Вечная страна моя» поэзия антология» кітабы ҚР Ұлттық кітапханасына салтанатты түрде табыс етілді.


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование