KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886226
2019 жылы:  19941
бүгiн:  1
қазiр:  36
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

19.01.2017

   2017 жылғы 19 қаңтарда ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А.Х. Юсупова мен Әлем әдебиеті қызметінің жетекшісі Т.А.Замзаева Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының жанындағы Әлемдік Экономика және Саясат Институты ұйымдастырған «Жібек Жолы экономикалық белдеуі мен Нұрлы Жолдың түйісуі: жағдайы мен дамуының потенциалы» атты Халықаралық дөңгелек үстел отырысына қатысты.

   Іс-шараға Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасының Бас Консулы Чжан Вэй мырза, Қазақстан және Қытай елінің ғылыми, іскер, мәдениет және білім беру  саласының өкілдері қатысты.

   Іс-шара Қазақстан және Қытай ресми дипломатиялық қарым-қатынасының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған. Дөңгелек үстелде Қазақстан-Қытай арасындағы мәдени, гуманитарлық, экономикалық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы өзекті мәселелер қарастырылды.

   ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А.Х. Юсупованың «Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастығы (2004-2016 жж.)» тақырыбындағы баяндамасында ҚР Ұлттық кітапханасының, ҚХР Елшілігінің, Алматыдағы ҚХР Бас Консулдығының бірлесіп, Қытай мәдениеті орталығының, Кітап бұрышы мен қазіргі Қытай мәдениеті мен әдебиеті залының қызметі аясындағы атқарылған көп салалы және жемісті жұмыстары таныстырылды.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование