KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886214
2019 жылы:  19929
бүгiн:  1
қазiр:  24
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.01.2017

   2017 жылы 20 қаңтарда ҚР Ұлттық кітапханасында Кітапханатану жəне Библиография кафедрасының ашылуына байланысты кітапхана директоры Ж.Т.Сейдуманов, екі бірдей белді оқу орны: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универститетінің оқу жөніндегі проректоры А.К.Хикметов, Қазақ қыздар педагогикалық университетінің бірінші проректоры Б.А.Әлиев, Тарих, архелогия және этнология факультетінің деканы М.С.Ноғайбаевалармен (ҚазҰУ) кездесті. Кездесу барысында кітапханадағы жаңашылдықтармен танысып, қосарлы оқыту жүйесі бойынша студенттердің тәжірибелік сабақтарына сәттілік тілеп, шəкірттерін рухани азықтандыруға көрсетіліп отырған қолдауға алғыстарын білдірді.
   Елбасы Н.Назарбаев өзінің дәстүрлі Жолдауында білім саласына айрықша басымдық берді. Оның ішінде техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытуда қосарлы оқыту технологияларын енгізуді, осыған орай Үкіметке тиісті құжат қабылдауды тапсырды. Қосарлы жүйе – маман даярлауда өндіріс, білім алушының және мемлекеттің мүдделерін біріктіруге бағытталған кәсіптік білім берудің түрі.
   Қосарлы оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық-кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар дайындау.
   Қазіргі кезде әлемде оқытудың қосарлы жүйесі – техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Оқу үрдісіне қосарлы білім беру жүйесін сәтті енгізу оқу мекемесі беделінің, бәсекеге қабілеттілігінің артуы, білім беру мекемелерінің кәсіпорындармен өзара әрекеттесу аясының кеңеюіне, бітірушілердің жұмысқа орналасуы және әлеуметтік бейімделуіне оң ықпал ететіні сөзсіз. Осының арқасында мемлекетімізде білім беру деңгейі жоғарылап, білікті мамандар қатары көбеймек.
   Бұл, шын мәнінде, заман талабынан туындаған оңтайлы шешім.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование