KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15059686
2019 жылы:  125221
бүгiн:  1
қазiр:  21
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.01.2017

   2017 жылғы 22 қаңтарда Н.Дәулетова атындағы залда Әуезхан Қодардың «Интеллектуалды клубы» аясында Қодар оқулары поэзиялық кеші өтті.

   Кеш барысында Алматының жас ақындары Ә.Қодардың өлеңдерін әрі өздерінің өткір тақырыпта жазылған немесе сезімге толы сырлы поэзияларын оқып, ой бөлісті. Бұл рухани кеш қатысушыларға әсерлі көңіл-күйін сыйлады. Ақындар сөз сөйлегенннен кейін ашық микрофон өткізіліп қатысушылар Әуезхан Қодардың шығармашылығы мен өмірі туралы өздерінің ойларын білдірді.
   Әуезхан Қодар - жаңа толқынның ақыны, екі тілді жазушы, драматург, ғалым, мәдениеттанушы және философ, әдебиеттанушы, ұлттық классика аудармашысы, «Тамыр» мәдени-философиялық журналының негізін қалап, оның редакторы болған. Оның сан қырлы жұмысы мәңгі қазақ ой қазынасына қалады.
   Қатысушылар: Әуезхан Қодардың жақындары мен жанұясы, Алматы қаласының жас ақындары.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование