KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886055
2019 жылы:  19770
бүгiн:  1
қазiр:  15
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

31.01.2017

   Әлем әдебиеті залында Испания жазушысы Бласко Ибаньес Висентенің 150 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Бласко Ибаньес Висенте (esp.Vicente Blasco Ibáñez) – XX- ғасырдағы белгілі испан жазушыларының бірі. Көрнекті әлеуметтік романшы, XX ғасырдың екінші жартысындағы реалист-жазушы саңлақтарының кіші өкілі. Бласко Ибаньес өзінің шығармашы-лығында шынайы сыни демократиялық қағидаларды  айқын жүзеге асырды.
   Бласко Ибаньестің өмірбаяны өте қызықты, әрі көп қырлы. Жазушы 1867 жылы 29 қаңтарда Валенсия қаласындағы саудагерлер отбасында дүниеге келді. Ол гимназияны аяқтағаннан кейін, ата-анасының қалауымен заң факультетіне оқуға түседі. Бірақ туған қаласын тастап, Мадридте қоныстанып, өзін журналистика мен әдебиетке арнайды.
   Жастық шағынан республикалықтарға ілесіп, саяси өмірге белсене араласты, нәтижесінде сан рет түрмеге қамауға алынды.
   Бласко Ибаньес әдебиетте аймақтық проза дәстүрін жалғастырушы ретінде танылды. Өзінің «Рис и тележка» (1984), «Майский цветок» (1895), «Хутор» (1898) сияқты алғашқы романдарында ол туған өлкесін суреттейді. Бласко Ибаньес шаруалар мен балықшыларды, тұрмыстық ұсақ саудагерлер мен халықтық мінез-құлықтарды сипаттауға көп көңіл бөлген. Оның келесі кезеңдегі романдары: «Собор» (1903), «Мертвые повелевают» (1904), «Винный склад» (1905), «Кровь и песок» (1908). Латын Америкасы саяхатынан кейін  Бласко Ибаньес эмигранттар «Аргонавты» (1914), аргентиналық пампылардың өмірі туралы «Земля всех» атты екі «американдық» роман жазады.
   Бласко Ибаньестің әдеби мұрасында Бірінші дүниежүзілік соғыс (1914-1918жж.) туралы  «Четыре всадника Апокалипсиса» (1916), «Наше море» (1918), «Враги женщины» (1919) атты шығармалары ерекше орын алады. Жазушы өзінің ұзақ шығармашылық қызметі барысында тек романдар ғана емес, сондай-ақ «Печальная весна», «Свист», «В море», «Чиновник», «Осужденная» т.б. әңгімелер жазды. Шығармаларының ішіндегі «Куртизанка Сонника» (1900) атты романы ерекше орын алады.
   Жазушы өмірінің соңғы жылдарында «Разоблаченный Альфонс XII» (1924) атты саяси памфлеті мен «Женский рай» (1922) утопиялық романдарымен бірге, Американың ашылуы мен жаулап алуы туралы бірнеше романдарын дүниеге әкелді.
   Қуғынға ұшыраған жазушы өзінің туған күніне бір күн қалғанда 1928 жылы 28 қаңтарда Францияда қайтыс болды.

   ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан көрмеге Бласко Ибаньес Висентенің әр жылдардағы басылған кітаптары мен жазушының шығармашылығы туралы қызықты әдебиеттер жинағы ұсынылған.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование