KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065818
2019 жылы:  131353
бүгiн:  1
қазiр:  28
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

01.02.2017

   2017 жылғы 1 ақпанда Н.Дәулетова атындағы залда «Әдебиет әлемі» клубының ұйымдастыруымен «Гүлстан» журналының бас редакторы Гөзел Құлжабаевамен кездесу өтті.

   «Отбасының гүлденуі - Отанның гүлденуі»-деп білетін Гөзел ханым аз жылда көп еңбек атқарды. Гүлдермен рухтас болып, әдемілік әлемі үшін тер төкті. Ол тек қана гүл өсірумен, аулаларды әсемдеумен ғана айналысқан жоқ, гүлдерді ұрпақ санасына егуді, ұрпақтардың табиғатты танып білуіне үлес қосуды мақсат етті. «Гүлстан» журналын және жас ұрпаққа арналған гүлдермен  көмкерілген, әрлі де нәрлі «Өсімдіктер әлемі» атты әдістемелік кітаптар шығарды.
   Сонымен қатар, Г.Құлжабаева білім және мәдениет саласында көрсеткен рахымшылық және демеушілік көмектері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің құрмет дипломымен марапатталды.
   Ол табиғатпен тамырлас, ұлтымен тағдырлас жан.

   Кездесуді «Әдебиет әлемі» клубының жетекшісі Мұратхан Шоқан жүргізіп, Қазақстанның халық әртісі Н.Нүсіпжанов, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Оразақын Асқар және т. б. сөз сөйледі.
   Іс-шараға қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, Алматы қаласы  ЖОО-ның студенттері, кітапхана қызметкерлері қатысты.

   

        

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование