KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065863
2019 жылы:  131398
бүгiн:  1
қазiр:  25
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.02.2017

   2017 жылғы 8 ақпан, сағ. 17.00-де Н.Дәулетова атындағы залда қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Əдебиет əлемі» орталығы мен «Жастар кеңесі» бірлесіп ұйымдастырған «Қазақтың қара өлеңі құдіретім» атты поэзия кеші өтті.

   Мұқағали Мақатаев – ХХ-ғасырдың 60-70-жылдарындағы қазақ поэзиясының әйгілі ақыны. М.Мақатаев поэзиясының шабыттану көзі туған өлкесі, атажұртының тағдыры, уақыт тынысы, замандастарының үміттері мен армандары болды. Оның шығармаларындағы көркемдік бейнелері автордың өзінің  мөлдір таза жаны мен жалынды жүрегін ашып көрсетті. Ақынның көптеген өлеңдері Н.Тілендиевтің, Ш.Қалдаяқовтың, Д.Рақышевтің, И.Жақановтың әндеріне жазылған. Әдеби қабілеттілігін М.Мақатаев көркем аударма саласында да танытты. Бірқатар орыс және шетелдік әдеби  шығармаларды: Н.Тихоновтың, Е.Евтушенконың, Ф.Моргуновтың, Д.Алигеридің, У.Уитменнің және У.Шекспирдің шығармаларын қазақ тіліне аударды.
   1999 жылы М.Мақатаев қайтыс болғаннан кейін «Аманат» атты өлеңдер жинағына әдебиет және өнер саласы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.

   Іс-шараның мақсаты – жас мамандардың зияткерлік деңгейін көтеру және дамыту, М.Мақатаевтың шығармашылығымен таныстыру және насихаттау.
   Іс-шараны «Әдебиет әлемі» орталығының мүшесі – Шәріпов Тұрарбек жүргізді.

   Кеште жас ақындардың, кітапхананың жас мамандарының және Алматы қаласының мектеп оқушыларының орындауында Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері оқылып, сөздеріне жазылған әндер шырқалды. Кештің көрермендеріне ақынның «Әйелдер-ай» өлеңін жатқа оқыған, кештің ең кішкентай қатысушысы, 3 жасар Ердосұлы Бекасыл үлкен әсер қалдырды. Кеш соңында М.Мақатаевтың өлеңдерін оқыған кішкентай бүлдіршіндерге «Әнші болғым келеді» журналы сыйға тартылды.
   Кеш қатысушылары: «Әдебиет әлемі» орталығының жас ақындары, ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері, Алматы қаласының мектеп оқушылары және т.б.

  

  

 


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование