KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886221
2019 жылы:  19936
бүгiн:  1
қазiр:  31
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.02.2017

   2017 жылғы 13 ақпанда Н.Дәулетова атындағы залда «Конституциялық реформа – қоғам мен мемлекеттің үйлесімді дамуының негізі» атты дөңгелек үстел өтті.

   2017 жылғы 25 қаңтарда, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев арнайы Үндеуінде елдің болашақта дамуына кепіл болатын және бес институционалдық реформаларға сай болатын  конституциялық реформалар жобасын қоғамдық талқылауды ұсынды.
   Елбасымыз атап өткендей: «Бұл реформа, басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Ұсынылған реформаның мәні – билік өкілеттілігінің қайта бөлінуінде, саяси жүйенің толықтай демократиялануында».

   «Конституциялық реформа – қоғам мен мемлекеттің үйлесімді дамуының негізі» атты дөңгелек үстелді ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Сейдуманов Жанат Тұрарұлы ашты.
   Дөңгелек үстелді Саяси зерттеулер қауымдастығының президенті Алдияров Есенжол Қаниұлы жүргізді.

   Сөз сөйлегендер: ҚР ҰИА академигі, Қазақстан Ғалымдар одағының президенті О.Сәбден, Абай атындағы  ҚазҰПУ-нің профессоры Ақжанова Алма Тәуірбекқызы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры Болатбаева Айгүл Әбдімәжитқызы, ҚР Ұлттық кітапханасы Диссертация бөлімінің меңгерушісі Байғонысова Ғалия Уалханқызы.
   ҚХА-ның мүшесі, қоғамдық «Ирныхас» Осетин мәдени-ағарту бірлестігінің өкілі Мамсуров Казбек Владимирович өз сөзінде, ҚР Президентінің конституциялық реформалар туралы халыққа Үндеуі бойынша түсіндіру жұмыстарының белгілі кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын атап өтті. Алматы қаласы ҚХА-ның өкілдерімен қоғамдық кездесулер жүргізіліп жатқанын, ҚХА-ның мақсаты – Қазақстан халықтарының бірлестігін қамтамасыз ету екендігін атап өтті. Сонымен қатар, Конституцияға өзгертулер әлемдік қауымдастықта болып жатқан жағдайларға сәйкес енгізіліп, Қазақстанның барлық азаматтары террористік қауіпке аса назар аудару керек екендігін айтты.
   Дөңгелек үстелге қатысушылар, конституциялық реформаны талқылау, республикамыздың жүйелі және заңды даму белесі мен Президенттің басқару моделі Қазақстанды тұрақты даму жолына әкеледі, Елбасының ұсынған реформалары, еліміздің саяси жүйе эволюциясының келесі кезеңі болып табылады деген тұжырымға келді.
   Сөз соңында, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Т.Сейдуманов, қоғамның дамуы сапалы адами капиталсыз мүмкін емес екендігін және осы орайда ҚР Ұлттық кітапханасы мәдени мұраның дамуы мен сақталуына, ұлттың интеллектуалдық дамуына өз үлесін қосатындығын атап өтті.
   Дөңгелек үстелге қатысқандар: ғалымдар, Алматы қаласының ЖОО-ның және колледждерінің студенттері, ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері, БАҚ өкілдері.

  

  

 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование