KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886143
2019 жылы:  19858
бүгiн:  1
қазiр:  47
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

07.02.2017

   2017 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасы мен ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары қатысқан онлайн кездесу өтті.

   Онлайн кездесу отандық автоматтандырылған ақпараттық WEB-RABIS жүйесіне байланысты түсіндіру жұмыстарына арналды. Онлайн кездесуге  қатысқан ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары А.Х.Юсупова, автоматтандыру бөлімінің маманы Еркін Сапарғалиев, Ғылыми-әдістемелік қызметінің, Ақпараттық ресурстар қызметінің жетекшілері мен топ жетекшілері WEB-RABIS-тің мүмкіндіктері кең, оқырмандарға жер шарының кез-келген нүктесінен оларды аудио-бейне-Интернет қосымшаларымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретіні, кітапхана ісін автоматтындырып қана қоймай, ақпаратты жедел іздестіру мен оқырманның уақытын тиімді жұмсауға септігін тигізетіндігі туралы айтты.

   "Ғаламтордағы қосымшалардың басым бөлігі заманауи үлгіде жасалады. Мұндай жүйе Орта Азияда жоқ. Тіпті Ресейде оқырмандарға ыңғайлы, тиімді жүйе жасақталмаған. Кітапхана ісіне қажетті барлық қосымшалар мен жаңашылдықты қолдандық. Бұл кітапхана ісін жеңілдетеді",- деді ҚР Ұлттық кітапханасы автоматтандыру бөлімінің маманы Еркін Сапарғалиев.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование