KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886051
2019 жылы:  19766
бүгiн:  1
қазiр:  11
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.02.2017

   «Қазақстан кітаптары» оқу залында қазақтың белгілі ақын-жазушысы Зейнолла Әнәпияұлы Шүкіровтің туғанына 90 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Зейнолла Әнәпияұлы Шүкіров 1927 жылғы 16 ақпанда Қызылорда облысы Арал ауданының Бөген ауылында дүниеге келген.
   З. Шүкіров жастайынан төсекке таңылды. Бірақ ол ауруға мойымады, оның өмірге, адамдарға деген шынайы махаббаты, оптимизмі мен  жігері  кез-келген уақытта  аурумен арпалысуға  сақадай сай болды. Оның шығармаларының негізгі тақырыбы –  Арал тағдыры мен оның қасіреті. Жазушыны өр мінезділік, жігерлі болмыс әрқашан  қызықтыратын, оның поэмаларының біріндегі («Адам мен тағдыр», 1964) кейіпкер Н.Островскийдің болуы кездейсоқтық емес еді.
   Жазушының алғашқы жинағы 1955 ж. «Менің достарым» деген атпен жарыққа шыққан. Ол «Арал дәптері» (1962), «Алау» (1966), «Сағыныш» (1970), т.б. өлеңдер жинағының авторы.  Сондай- ақ, «Күншуақ» (1976) атты өлеңі орыс тілінде басылды. З. Шүкіровтің поэмалары поэзияда маңызды орын алған. Оның :«Дауыл», «Орамал», «Аня», «Олимпиада», «Клеопатра» т. б. оннан астам поэмалары бар.
   З.Шүкіров прозашы ретінде де танымал. Оның қаламынан «Тоғысқан тағдырлар» (1961), «Ғажайып құмыра» (1965), «Вольное дыхание» (1966) повесть жинақтары шыққан. Жазушының шығармалары орыс, тәжік, өзбек, тағы да басқа КСРО халықтарының тілдеріне аударылған. Автордың соңғы шығармасы – «Жанқожа» тарихи романы. Романда Жанқожа батыр бастаған XIX ғасырдың екінші жартысындағы шаруалар көтерілісі, батырдың қайғылы қазасы мен қазақ халқының ауыр жағдайы суреттелген.
   2003 ж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің қызметкері А.Д. Есқараева филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденуде «Зейнолла Шүкіровтің поэзиялық шығармаларындағы метафоралық қолданыстар» тақырыбы бойынша диссертациясын қорғады.  
   Жазушы 1977 ж. Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Зейнолла Шүкіров 1979 жылғы 26 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүние салды.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан З. Шүкіровтің өмірі мен шығармашылығы туралы, оның еңбектері, мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған мақалалары мен ол туралы естеліктер ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование