2017 жылғы 22 ақпанда Ермек Тұрсыновтың киноклубында Мұхтар Әуезовтің шығармасы бойынша түсірілген «Қараш-қараш/Асуда атылған оқ» көркем фильмінің ретро-көрсетілімі өтті.
Фильм «Қазақфильм» және «Қырғызфильм» киностудияларының бірлесуімен түсірілген, сценарий авторлары - Болатбек Шәмшиев және Әкім Тарази, режиссері - Болатбек Шәмшиев, басты рөлдерді - Сүлейменқұл Чокмаров, Советбек Жұмәділов, Виктор Уральский, Бәкен Қыдыкеева, Леонид Ясиновский сомдаған. Сюжет бойынша қайыршы Бахтыгүл өз қожайынына адал қызмет етеді, бірақ оны біреулер өз ойындарында қолданып жүріп, соңында сатқындық жасап, түрмеге түседі. Көп ұзамай түрмеден қашып шығып, Қараш асуында қылмыскерден кегін қайтарады... Оқиға ХХ ғасырдың басында орын алады. Ең ғажабы, Мұхтар Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» әңгімесіндегі сипатталған оқиғалар, Тұрар Рысқұловтың әкесі – Рысқұлдың өмірінен алынған. Фильм 1969 жылы Орта Азия және Қазақстан-Алматы киноматографистерінің VIII байқау-сайысында «Тау қыраны» жүлдесімен және С.Чокморов үздік ер адам рөлі үшін бірінші дәрежелі дипломмен, 1970 жылы Минск, Белоруссия IV БКФ-да екінші сыйлықпен және жүлдемен марапатталды. Атақты картинаны көруге жақсы кино жанкүйерлері мен Е.К.Тұрсынұлының өнерін бағалаушылар келді.
Көрсетілім аяқталғаннан кейін атақты режиссер, сценарист, жазушы Ермек Тұрсынов фильмнің түсірілу тарихымен, режиссер Болатбек Шамшиев пен актер Сүлейменқұл Чокморов туралы қызықты естеліктерімен бөлісіп, жиналған көрермендердің сұрақтарына жауап берді. Қатысушылар: ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері, өнер қайраткерлері, Алматы қаласы ЖОО-ның студенттері мен мектеп оқушылары, зейнеткерлер, БАҚ өкілдері.
|