KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886192
2019 жылы:  19907
бүгiн:  1
қазiр:  2
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.02.2017

   2017 жылғы 24 ақпан, сағ.11.00-де Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстанның халық әртісі Хадиша Бөкееваның 100 жылдығына арналған еске алу кеші өтті.

   Іс-шара ҚР Ұлттық кітапханасының Өнер бөлімі жанындағы «Інжу-маржан» клубы аясында өткізілді.     

   Хадиша Бөкеева Батыс Қазақстан облысының Казталовка селосында дүниеге келді. Әке-шешесінен ерте айрылып, интернатта тәрбиеленді. Алғашқы сахналық қадамын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастады. 1932-34 жылдары Алматы медициналық институтының даярлық курсында оқып жүріп, Қазақ радиокомитетінде әнші болды. 1938 жылы Ленинградтың мемлекеттік сахна өнері техникумының (қазіргі Санкт-Петербургтың Театр, музыка және кинематография институты) қазақ студиясын бітірді. Мұнда ол атақты актерлер мен режиссерлар В.Мейерхольд, Л.Вивьен, В.Меркурьевтен тәлім-тәрбие алды. Кәсіби шығармашылық қызметі 1938 жылы Шымкент облыстық қазақ драма театрынан басталды. Алғашқы сомдаған кейіпкері Ф. Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат» спектакліндегі Луиза, А.Островскийдің «Кешіккен махаббатында» Людмила рөлдері болды. 1942 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына ауысып, өмірінің соңына дейін үздік¬сіз қызмет етті. Осы кезеңдерде Қалибек Қуанышбаев, Серәлі Қожамқұлов, Қапан Бадыров, Шәкен Айманов сынды қайталанбас дарындардың  сахна өнерінде жарқырауы Х.Бөкееваның өсуіне көп септігін тигізді.
   1965-1978 жылдары Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының театр факультетінде дәріс берді. Бірнеше буын қазақстандық әртістерді тәрбиелеп шығарды.

   «Отан», Ленин, «Құрмет белгісі» ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Соңғы жылдары тұрған үйінде мемориалды такта орнатылған.

   Кешке мәдениет және өнер қайраткерлері, Қазақстанның халық әртісі Н. Мышпаева, еңбегі сіңген әртістер С.Кожакова, Б.Имашева, Р.Машурова, Б.Әбділманов, Е.Билялов, кітапхана қызметкерлері, БАҚ өкілдері, студенттер және т.б. қатысты.

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование