KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15063558
2019 жылы:  129093
бүгiн:  2963
қазiр:  66
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

18.02.2017

   2017 жылғы, 17-18 ақпан күндері Ермек Тұрсыновтың киноклубында «Үркер» шығармашылық-дамыту орталығының ұйымдастыруымен, балалар мен жасөспірімдер арасында «Ұлы дала дарыны» атты алғашқы республикалық байқау өтті.

   Байқауда жас ерекшеліктеріне қарай, 5-9 жас аралығында - кіші топ, 10-13 жас аралығында - орта топ, 14-18 жас аралығында - жоғарғы топ болып, үш топта өнер көрсетті. Байқауға қатысушылар республикамыздың: Астана, Қарағанды, Тараз, Шымкент және т.б. қалаларынан келді.
   Байқаудың алғашқы күнінде қатысушылар «Көркем сөз» номинациясы бойынша өтті. Барлық қатысушылар Абай Құнанбаевтың, Мұқағали Мақатаевтың, Тұманбай Молдағалиевтің, Мұхтар Шахановтың және т.б. қазақтың атақты жазушыларының өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, танымал көркем және анимациялық шығармалардан үзінді монолог оқыды.
   Байқаудың екінші күні «Дәстүрлі ән» және «Аспапта ойнау» номинациялары бойынша өтті. Қатысушылар танымал дәстүрлі әндерді орындап, Құрманғазының, Тәттімбеттің, Н.Тілендиевтің шығармаларын қобызда, домбырада ойнады. «Аспапта ойнау» номинациясында олар жеке, сондай-ақ ансамбльде өнер көрсетті.

   Байқау салтанатты, мерекелік жағдайда өтті. Қатысушылар тек өздерінің таланттарын ғана емес, сонымен қатар қазақтың ұттық киімдерін көрсетті.
   Байқау соңында, әділқазылардың шешімімен, жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

  

  


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование