KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886208
2019 жылы:  19923
бүгiн:  1
қазiр:  18
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

01.03.2017

   2017 жылғы 1 наурыз, сағ. 15.00-де Ермек Тұрсыновтың киноклубында белгілі әнші және композитор Марат Омаровтың «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» атты шығармашылық кеші өтті.

   Кеш 1 наурыз - алғыс айту, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күндеріне арналған.

   Марат Омаров - белгілі әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының, Жастар кеңесі сыйлығының лауреаты,  Астана қаласындағы «Балбөбек» қалалық байқаудың ұйымдастырушысы.
Ол әр жылдары көптеген халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты атанған «Жігер-87», «Ыстық көл-89», «Бұқара-90» байқауы, Шәмші Қалдаяқов әндерінің байқауы (1993), «Азия дауысы-95», «Алтын диск-97» (Стамбұл), Франциядағы «Достық әндері»  фестивалі  (2002), «Каир-2003» және т. б.
   М.Омаров  Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, сондай-ақ 2000 жылы Лос-Анджелес (АҚШ) әлемдік «FІDOF» композиторлар қауымдастығының мүшесі болып сайланды. Ол  «Анашым», «Әке арманы», «Қыз сыны», «Сыңарым», «Әнші балапан», «Қоштасқым келмейді», «Арман қала – Астана», «Мекке-Мәдине», «Наурыз» және көптеген танымал әндердің авторы.
Кеште М.Омаровтың әндерін автордың және басқа да танымал әншілердің орындауында ұсынылды.
   Қатысушылар: қоғам қайраткерлері, шығармашылық  өкілдері, Ұлттық кітапхана қызметкерлері, Алматы қаласының  жоғарғы оқу орындары мен колледждердің студенттері және  Алматы қаласының  №2 мамандандырылған орта мектеп интернатының оқушылары, БАҚ өкілдері.

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование