KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886215
2019 жылы:  19930
бүгiн:  1
қазiр:  25
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

02.03.2017

   2017 жылғы 2 наурызда Н.Дәулетова  атындағы  залда  «Атырау облыстық драма театры» атты кітаптың (авторы белгілі сыншы,  ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлия Бөпежанова) тұсаукесер рәсімі өтті.

   Елбасы Н.Назарбаевтың  биылғы  31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында  «төртінші басымдық -  адами капитал сапасын жақсарту»  екені атап көрсетілді.
   Адами капитал сапасын жақсартуға еліміздегі іргелі аймақтардың бірі, экономикамызға мол үлес қосып отырған Атырау облысында да ерекше көңіл бөлінеді. Осының бір көрінісі – «Атырау облыстық драма театры» кітабының облыс әкімдігінің қолдауымен жарық көруі. Атырау театрының жетпіс жеті жыл ішіндегі шығармашылық тарихы туралы алғашқы толымды үлкен еңбектің авторы белгілі сыншы Әлия Бөпежанова.
   Кітапта театрдың өсу-өркендеу жолы қоғамның және жалпы еліміздегі сахналық үдерістер дамуымен байланыста, жүйелі жалғастықта зерделенеді. Қалың көрерменді өнерімен сусындатып, ізгілік дәнін сеуіп, адами мазмұнды байытуға зор үлес қосып отырған театрдың қазақ сахна өнерінің алтын қазынасына қосылған  кезеңдік спектакльдері мен актерлік һәм режиссерлік табыстары кеңірек қарастырылып,  еліміздің мәдени өмірі, рухани тынысындағы үлкен қызметі мен орны айқындалады.
 Бүгінгі таңда «Қазақстан-2050» Мемлекеттік стратегиясында көрсетілгендей, «қазақстандықтардың жаңа мәдени ментальдығын қалыптастыру» жолында қажырлы еңбек етіп отырған облыстағы Махамбет атындағы театр туралы кітаптың  тұсаукесеріне  Атырау облысы әкімінің орынбасары Нәутиев Әлібек Ибатоллаұлы бастаған құрамда: Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысы Жоламанов Әбіл Тауфиқұлы, Тілдер дамыту басқармасы басшысы Әбдешов Баязи Мадешұлы, Атырау қаласы әкімінің орынбасары Қалауи Мейрім Жоламанұлы, Атырау облыстық театры директоры Жаменов Берік Қилекешұлы, актер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Төлеген Жангелдиев, ҚР мәдениет қайраткері Әлия Жақсыбаева, белгілі суретші-сценограф Гүлмаржан Махамбет, және т.б. бар арнайы делегация және қоғам қайраткерлері, әншілер, жоғарғы оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары, БАҚ өкілдері қатысты.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование