KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886054
2019 жылы:  19769
бүгiн:  1
қазiр:  14
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

02.03.2017

   2017 жылғы 02 наурызда Н.Дәулетова атындағы залда «Алаш деп ғұмыр кешкен» жоба аясында Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай «Алаш қозғалысы: тарихы мен тағдыры» тақырыбына республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

   ХХ ғасырдың басында қазақ халқының болашағы үшін күрескен, халықтың ұлттық сана-сезімін оятқан, отаршылдыққа қарсы шыққан Алаш қозғалысының тарихтағы орны мен маңызы зор. Алаш қозғалысы өз заманында халықтың ең алдыңғы қатарлы зиялы азаматтарын топтастырған, сол тұстағы аумалы-төкпелі кезеңдерде елінің мүддесі үшін жан аямай күрескен тұлғалардан жасақталған еді. Ғұмыры қысқа болса да бұл қозғалыс қазақ тарихында өшпес із қалдырған, ең бір айтулы тарихи кезең ретінде сақталған.
   Ұлттық зиялылар кейін Алаш қозғалысы атанған қоғамдық қозғалыс қазақ халқының дербес мемлекет құруына, ұлттық тұтастануына үлкен септігін тигізген. Жаңа саяси күштің азаттық жолындағы көтерген идеялары халықтың жүрегіне жол тауып, саяси санасын оятқан еді.
   Ғылыми-тәжірибелік конференцияда Х.М.Әбжанов, М.Қ.Қойгелдиев, Б.Қойшыбай, А.С.Исмақова, Р.С. Имаханбет, С.О.Смағулова    және т.б. ғалымдар, алаштанушылар, Алаш қайраткерлерінің ұрпақтары баяндамаларын оқыды.
Конференция барысында Алаш мәселесін зерттеудегі жаңа мүмкіндіктер, Алаш қозғалысының әлем тарихындағы орны, Алаш қайраткерлерінің қоғамдық-саяси қызметі мен олардың қуғындалуы, Алаш қозғалысына қатысқан беймәлім тұлғаларға қатысты ой-тұжырымдар, пікірлер ортаға салынды.   
   Ұйымдастырушылар: Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы және «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование