KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886088
2019 жылы:  19803
бүгiн:  1
қазiр:  40
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.03.2017

   2017 жылғы 3 наурызда Н.Дәулетова атындағы залда ҚР Ұлттық кітапханасының қолдауымен «Women of Kazakhstan» үкіметтік емес ұйымы «Танымал қазақ қыздары» атты көрме ұйымдастырылды.  

   Көрме аясында келесі іс-шаралар өткізілді:
- «Танымал қазақ қыздары» (кітаптар, суреттер, ашық хаттар) коллекциясы
- «Бүркітші қыздар» фото-көрмесі және бүркітші құралдарының көрмесі
- «Selfmade арулары» жобасының фото-көрмесі
- Көрме-жәрмеңке
- Қазақстанның 25 танымал қыздарының  портреттері көрмесі, Лидия Дроздованың авторлық жұмыстары (кенеп, майлы бояу)
- Қазақ әйелдерінің заманауй  киім көрмесі  «Жанат Бақыт Сән Үйі» 
  Қазақтың қайсар қызы, штурман-ұшқыш, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың әскери күнделігі негізінде жарық көрген «Хиуаз» атты кітаптың тұсаукесері болды.
   Бұл кітап ІІІ тараудан тұрады: алғашқы екі тарауында қазақтың батыр қызы Х.Доспанованың авторлығымен жарық көрген «Халқым үшін» және «Под командованием Расковой» атты 1960-63 жылдары жарық көрген естелігі қамтылған. Ал, кітаптың  үшінші тарауында бүгінгі егемен елімізде үлгі тұтар батыр апамызды елеп-ескерген іс-шаралар мен ұсыныстар қамтылған.
   2000 дана болып жарық көрген бұл еңбек алғаш былтыр күзде Астанада таныстырылып, Атырауда тұсаукесер рәсімі өткізілген. Бұл жолғы мақсат - Хиуаз Доспанованың өмірі мен ерлігін Қазақстан тарихында ерен еңбегімен көзге түскен танымал әйелдер жөніндегі мәліметтер базасына енгізіп, үш тілде ақпарат тарататын Wikipedia-ға тіркеп, бүгінгі қазақтың қыз-келіншектеріне үлгі ету және жас ұрпақтың патриотттық тәрбиесіне негіз болу.
 Тұсаукесер рәсіміне Атырау облысы әкімдігінен арнайы  делегация мен кітаптың құрастырушысы-журналист Тұрсын Қалимова қатысты.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование