KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886108
2019 жылы:  19823
бүгiн:  1
қазiр:  47
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.03.2017

2017 жылғы 3 наурызда Н.Дәулетова атындағы залда Дүрнәм Мәшүрованың «Завещание матери» кітабының тұсаукесері өтті.
   Дүрнәм Мәшүрованың «Завещание матери» кітабы 7-11 қарашада Лондонда өткен «OpenCentralAsiaForum» Әдебиет фестивалінде Тәржіме категориясы бойынша 1-орынға ие болды. «OpenCentralAsiaForum» - 2013  Әдебиет фестивалінің  комитеті үш категория: Әдебиет, Тәржіме, Иллюстрация бойынша жүлделі орындарды белгіледі.  Биыл конкурсқа 20 елден 168 автордың еңбегі қатысқаны бұл шараның былтырғы жылға қарағанда бәсекесінің жоғарылығын көрсетті.  Финалға іріктелген 28 қатысушының ішінен Тәржіме категориясы бойынша Халықаралық ПЕН клубтың және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Дүрнәм Мәшүрованың Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Хашимжан Құрбан тарапынан  безендірілген «Завещание матери» кітабы 1-орынға ие болды. Бұл кітап ұйғыр тілінде 2009-жылы жарық көріп, 2011-жылы орыс тіліне тәржімеленген. (Алматы, Жазушы 2010 ISBN 978-601-06-0928-0).
   Бұл кітаптың тұсаукесері Қазақстаннан бөлек АҚШ, Турция елдерінде өткізіліп, оқырмандар тарапынан жылы қабылданғаннан кейін, Ұлы Британия және Европа елдерінің оқырмандарына ұсынылды. Кітаптың орысша тәржімесін http://www.smashwords.com/books/view/80845, сайтынан табуға болады. Кітап ағылшын тіліне тәржімеленіп жатыр. 
   Мистика элементтері араласып кеткен бұл романда бір жанұяның басына келген қиыншылықтар арқылы  Орта Азиядағы әйелдердің жеңіл емес өмірі,  олардың өткен ғасырдың 30-жылдарынан бүгінгі күнге дейінгі тағдыры сөз болды. Сюжет желісі арқылы өткен күндердің қайғылы оқиғалары мен бүгінгі заманның  ақиқатын тұтастыратын, түс пен болжаудан  ащы ақиқатқа,  Қазақстанның кішкентай бір ауылынан таныс емес Америкаға  сапар шеккізетін бұл кітап кең оқырмандар қауымы үшін  қызықты. Сондай-ақ бұл кітап  халықтың әдемі көркемделген мәдениетін, әдет-ғұрпын, діні мен ырымшылдығын, музыкасы мен тағамдарын таныстырып, келешек ұрпаққа мирас екенін өз атына лайық ақтады. 
   Д.Мәшүрованың «Ана мирасы» – бұл әр қандай сынақтарға қарамай, мәдени мұраларды сақтауды, ата-бабаларымыз  рухын құрметтеуді, соларға лайық адам болып қалуды өсиет ететінімен құнды. Сондай-ақ бұл жақыныңа, адамдарға, еліне деген махаббат арқылы бәріне кешірімді болуға және қиыншылықтың бәрін жеңіп шығуға тәрбиелейтін өсиет. Автор ашаршылық, саяси тұтқындық, зорлық-зомбылық үкім сүрген дәуірде әйелдердің өмір үшін болған күресін, қажымас қайраттылығын керемет суреттеп берді.
   Кітап оқырманға ой салады. Ауыл адамдарының қарапайым тілімен,  диалогтарды автор өз құлағымен естігендей жазылған кітап жеңіл оқылады және жоғары сынып оқушыларына да түсінікті.  Бұл заманауи  ұйғыр әдебиетіндегі халықаралық мойындауға ие болған тұңғыш шығарма.
   Қатысушылар: мәдениеттанушы, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, ҚР халық әртісі және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры Ж.Әубәкірова,   PR Альфабанк директоры А.Досаева, PR KAZKOM Л.Коковинец, Алматы қаласы Өңірлік қаржы орталығының басқарма төрағасы А.Тасболат және басқа да қоғам қайраткерлері, ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері, БАҚ өкілдері.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование