KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15063439
2019 жылы:  128974
бүгiн:  2844
қазiр:  54
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

01.03.2017

   2017 жылғы 1 наурызда Алматы қаласының Достық үйінде «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» фестивалі аясында «1 Наурыз – Алғыс айту күні» атты көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды. 
 
   2017 жылғы 1 наурызда Алматы қаласының Достық үйінде «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» фестивалі  аясында «1 Наурыз – Алғыс айту күні» атты көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды. Негізгі төрт бөлімнен тұратын кітап көрмесінде, Қазақстандағы түрлі ұлттардың тарихы, олардың қоныстануы, орналасуы, қазіргі өмір сүру кезеңі, мәдениеті, салт-дәстүрі мен өнері туралы 100-ден астам қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі кітаптар қойылды. Қонақтарды кітап көрмесімен «Қазақстан кітаптары» қызметінің жетекшісі М.Б.Жаркналова таныстырды.
  Алғыс айту күні – біздің еліміздегі қиын кезеңде біріне-бірі сүйеу болған және қысқа мерзім ішінде Елбасының жетекшілігімен, Тәуелсіз Қазақстанды жұмыла құрған барлық азаматтардың бір-біріне құрмет білдіретін күні.
  Іс-шараға Алматы қ. әкімінің орынбасары А.О.Қырықбаев, Алматы қ. әкімі аппартының «Қоғамдық келісім» КММ–нің директоры Ж.Ш.Мурунова, Алматы қ. этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен өкілдері және т.б. қатысты.

   Мерекенің құрметіне түрлі ұлт өкілдерінің этномәдени көрмелері (ұлттық тағамдар, киімдер мен ұлттық стильде әшекейлер) және мерекелік концерт ұйымдастырылды.

  

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование