KZ     RU     ENG
Жексебі, 06 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15067131
2019 жылы:  132666
бүгiн:  1
қазiр:  8
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.03.2017

   2017 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мамандары үшін кітапхана қорындағы құжаттарды индекстеуде Кітапханалық-библиографиялық жіктеуден халықаралық Әмбебап ондық жіктеуге көшу мәселесі туралы онлайн-семинар өтті.
   Әмбебап ондық жіктеу – білімнің халықаралық жіктеу жүйесі, әлемдік көпшілік кітапханалар пайдаланатын, жалпы ондық жіктеуден тұратын барлық білім саласын бір жүйеге келтіретін бірыңғай әмбебап құрылым болып табылады.
   2017 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанның көпшілік аймақтық кітапханалары құжаттарды индекстеуде халықаралық Әмбебап ондық жіктеу жүйесіне көшуді іске асырмақ. Онлайн-кездесуде Қазақстандағы көпшілік  әмбебап кітапханалары үшін ғылыми-әдістемелік орталық ретінде ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары Әмбебап ондық жіктеу жүйесіне көшу сұрақтары бойынша бірнеше индекстеу үлгілерін қашықтықтан нақты іс-тәжірибе арқылы көрсетті. Автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық Web-Рабис жүйесінің авторы Е.Б. Сапарғалиев қарағандылық әріптестерге Web-Рабис бағдарламасында құжаттарды каталогтау жұмысын насихаттады.

  


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование