KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886105
2019 жылы:  19820
бүгiн:  1
қазiр:  46
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.03.2017

   2017 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қолдауымен Е.Тұрсынов киноклубында қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Жақсылық жасап жарысайық» атты қайырымдылық концерті өтті.

   Тағдырдың жазуымен дерттің тауқыметін көрген жандар аз емес. Олардың дүние есігін ашып, өмірді сүюге құштар, әсіресе жеткіншек жастар болғаны жүректі сыздатып, жанды ауыртатыны жасырын емес.
   Сондай өмірге құштар, дертіне дауа іздеген жас жеткіншектің бірі, 2003 жылдың 10 мамырында дүние есігін ашқан Шәріп Сламбек «Эмбриональная рабдомиосаркома» деген диагнозбен арпалысып, бар-жоғы 13 жасында 12 рет пышаққа ілінген (ота жасалынған) жас жеткіншектің Корей мемлекетінде ем алуына көмек қолымызды созып, қайырымдылық жасалды.
   Осыған орай, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қолдауымен, Ермек Тұрсынов киноклубында, Алматы қаласының белсенді жастарының талпынысымен ұйымдастырылған, «Жақсылық жасап жарысайық» атты қазақ-эстрада жұлдыздарының қатысқан концерт өтті.
   Көрермендерімізге керемет кештің естелігі ретінде, Алланың сауабы мен руханиятыңызды арттырар құнды кітап сияқты арнайы сыйлықтар ұсынылды.
   Дәстүрлі нақышта, қазақи үні бар тамаша концерттік кеш арқылы көңілімізді сауап алуға байыттық!
   Кешке мәдениет және өнер қайраткерлері, қазақ-эстрада жұлдыздары, кітапхана қызметкерлері, студенттер, БАҚ өкілдері және т.б. қатысты.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование