KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15067060
2019 жылы:  132595
бүгiн:  969
қазiр:  29
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

09.03.2017

   Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында «Ұйғыр авази» газетінің 60 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.

   «Уйғур авази» республикалық қоғамдық-саяси газеті.
   Газеттің алғашқы саны 1957 жылы Алматы қаласында басылып шықты (1991 жылға дейін ол «Коммунизм түғи» атымен жарық көрген). Басылым әрқашан да Қазақстан халқының бірлігі мен достығының нығаюына өз үлесін қосып келеді.
   Ұйғыр оқырмандары осы газет арқылы ресми құжаттармен, сондай-ақ, шетел жаңалықтарымен танысады. Сол себепті оның әрбір санын көпшілік асыға күтеді. Бүгінгі таңда оның таралымы 15 мыңға жуық. Бұл еліміздегі басқа ұлттық басылымдар арасында ең жоғары көрсеткіш.
   «Уйғур авази» газеті бірнеше рет республикалық байқаулардың жеңімпазы атанды:
- Журналистер одағы «Құрмет» грамотасымен марапатталған;  
- Кемел Тоқаев атындағы сыйлықтың лауреаты (2001ж);
- Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясының ең жоғары «Алтын жұлдыз» жүлдесінің иегері (2005);
- Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Азаматтық, бейбітшілік және ұлтаралық келісім мәселелері бойынша ең үздік мақалалар» байқауының  жеңімпазы (2005 ж.).

   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан газеттің мерейтойлық және ерте жылдардағы сандары, танымал жазушылар мен журналистердің мерзімді басылым беттеріндегі әр жылдары жарық көрген мақалалары ұсынылған.

   Көрмеге шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование