KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886147
2019 жылы:  19862
бүгiн:  1
қазiр:  49
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.03.2017

   «Өнер» бөлімінің оқу залында қазақтың көрнекті композиторы Бақытжан Байқадамовтың 100 жылдығына арналған «Жаны нәзік сазгер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

   Бақытжан Байқадамов 1917 жылы 11 наурызда Торғай қаласында  қазақ зиялысы, аса білімді азамат Байқадам Қаралдиннің отбасында дүниеге келді. Бақытжанның музыкалық қабілеті ертеден көзге ілікті және де әкесі оның дамуына барынша атсалысты. Бақытжан бала кезінен-ақ музыкалық сауатын ашып, домбырада, сыбызғыда ойнады, өлеңдер жазды. Оның жетекшілері белгілі музыканттар – У. Қабиғожин мен Н. Бөкейхановтар болды. Осы жылдардың ішінде Б. Байқадамов бірден танымал болған өзінің тұңғыш шығармаларын жазды. «Әйгөлек» (1938) өлеңі арқылы оған халықтың ықыласы ауады. Б. Байқадамов өзін толықтай музыкаға арнайды – Е. Брусиловскийдің үйірмесіне қатысады, соғыс жылдарында көшіріліп әкелінген Киев консерваториясының профессоры М. Скорульскийден гармония мен полифония бойынша дәріс алады. 
   Ол Қазақстанның музыкалық мәдениетінің тарихында алдыңғы қатарлы композитор-жыршылардың бірі, көптеген хор туындыларының, ірі вокалды-би композицияларының авторы ретінде ғана емес, сонымен қатар дарынды ұйымдастырушы, музыкалық ұйымдардың жетекшісі, бастамашыл-ұстаз, қазақ халық аспаптарын жетілдіру мен қайта жасау саласындағы тәжірибеші-ғалым ретінде де қалды. 
  Б.Байқамадов өзінің соңынан аса бай мұра – 200-ден астам жарқын да дарынды өнер туындыларын қалдырды. Оның «Әйгөлек», «Домбыра», «Ақ бидай», «Су тасушы қыз», «Өзіңсің», «Сүйген сәулем», «Теміртау жастарының маршы» сияқты өлеңдері Қазақстан ән өнерінің сарқылмас қазынасы. Композитор халықтың мұң-мұқтажына көңіл бөлуге тырысты. Оның барлық өлеңдері маңызды музыкалық шежіре. Халық оның өлеңдерін сүюші еді, оларды әп сәтте қағып алатын.
   Хорға арнап ән жазушы ретінде Бақытжан Байқадамов қазақтың халық әндерін шеберлікпен өңдегендігімен ғана емес, ол бәрінен бұрын, қазақ өнері үшін жаңа жанрларды - хор сюитасын, хор поэмасын, хор күйін жасап шығарушы ретінде әйгілі болды. Хор шығармашылығында композитор өзін нағыз жаңалық енгізіші ретінде көрсетті.
   Бақытжан Байқадамовтың қажырлы еңбегі тиісті дәрежеде бағаланды. «Қазақ КСР-нің еңбегі сіңген өнер қайраткері» (1957), «Еңбек Қызыл Ту» орденімен (1959), «Озат еңбегі үшін»  (1959), «Тың жерлерді игергені үшін» медальдарымен марапатталған.
   Қазір оның аты Қазақ мемлекеттік капелласына, Арқалық қаласындағы өнер мектебіне, Алматы қаласындағы көшеге  берілді, ол тұрған үйде ескерткіш тақта ашылды.
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының кітап, нота, мерзімдік басылымдар қорынан Бақытжан Байқадамовтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған.                                   

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование