KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15066951
2019 жылы:  132486
бүгiн:  860
қазiр:  14
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.03.2017

   2017 жылғы 13 наурызда Н.Дәулетова атындағы залда көрнекті жазушы, зерттеуші, ғалым Зейнолла Сәніктің мәдениеттанушы,  этнограф Жанат Зейноллақызымен бірігіп жазған «Қазақ этнографиясы» кітабының тұсаукесері өтті.

   Іс-шараны Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасы мен ҚР Ұлттық кітапханасы бірлесіп ұйымдастырды.
   Аталған күрделі ғылыми еңбек тұңғыш рет 2012 жылы Бейжіңдегі(Пекин) «Ұлттар» баспасынан басылып, оқырмандарға жол тартқан болатын.
   2016 жылы «Ан Арыс» баспасы (Алматы, Қазақстан Республикасы) мен «Ұлттар» баспасы (Бейжің, Қытай Халық Республикасы) арасындағы өзара Меморандумға сәйкес «Қазақ этнографиясы» кітабы «Ан Арыс» баспасында жарық көріп, қазақстандық оқырмандарға ұсынылды.
   Авторлар қазақ этнографиясы туралы өздеріне дейін жазылған еңбектерді шолып, оларды топтастыру арқылы қазақ халқының этнографиясына, оның тарихына терең үңілген. Соның нәтижесінде қазақ елінің сан ғасырлық даму жолы мен ұлт болып қалыптасуының тарихы олардың әдебиеті, мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, кәсібі және т.б. жазушы ғылыми тұрғыда жүйелеген. Осылайша, әкелі-балалы қос автор ғылыми институт еңсеруі тиіс жұмысты атқарып, қыруар еңбек жасаған.  Кітап  этнография саласын зерттеуші мамандар мен көпшілік оқырман қауымға арналған.
   Іс-шараны Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Нұрлан Оразалин жүргізді.
   Сөз сөйлегендер: Н.Нүсіпжанов, Ұ.Есдәулет, Г.Орда және т.б.
   Тұсаукесерге ҚХР «Ұлттар» баспасының басшылары, өкілдері, қазақстандық қаламгерлер, баспагерлер, БАҚ өкілдері зиялы қауым қатысты.

                      


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование