KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885908
2019 жылы:  19623
бүгiн:  1
қазiр:  47
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.03.2017

   Өнер бөлімінің оқу залында Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі Қапанов Адамбек Кәдірбекұлының (1927-2011) 90 жылдығына арналған «Ұлы шебер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Қапанов Адамбек Кәдірбекұлы 1927 жылы 9 наурызда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат ауданында дүниеге келген. 1951 жылы Мәскеу сәулет институтын бітірген. 1967-1971 және 1983-1990 жылдары «Алматыгипрогор» жобалау институты директорының орынбасары, директоры, бас сәулетшісі, 1971-1983 жж. – Алматы қаласының бас сәулетшісі, Алматы қалалық атқару комитеті бас сәулет-жоспарлау басқармасының бастығы. 1983 ж. – Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы департаментінің бас сәулетші маманы. А.Капановтың жобасы бойынша Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағының кіреберіс қақпасы (1955), Орталық стадионның спорт кешені,  (1955 сәулетшілер А. Леппик және А. Коссовпен  бірлесіп,) Қазақ спорт және туризм академиясының (1964) және Алматы қаласы Әкімдігінің ғимараттары (1980), Республика Алаңы (1980, сәулетшілер Қ. Монтахаев, Ю. Туманян, Р. Сейдалин, М. Павловпен бірлесіп сәулет саласындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығы) тұрғызылды. А. Капанов "Октябрь" кинотеатрын, биік таулы "Медеу" мұз айдынын, Достық Үйін, циркті, Республикалық оқушылар сарайын, "Арасан" кешенді емдеу-сауықтыру моншасын, М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрын, музыкалық және хореографиялық училище ғимараттарын, "Самал" ықшамауданын, Д. А. Қонаев мүсінін, тұрғын үйлер мен мектептерді жобалауға, "Динамо" стадионын қайта жөндеуге қатысты. А. Капанов Алматы қаласының 1978, 1989, 2000 жылдардағы бас жоспарын жасады, «Алматы. Сәулет және қала құрылысы» (1998, 2002) атты екітомдық монография авторларының бірі болып табылады. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1987), «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. «Социалистік Еңбек Ері» атағы берілген. «Интерарх-2003» Бүкіләлемдік көрмесінің лауреаты.
   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының кітап және мерзімді басылымдар қорынан Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі Адамбек Қапановтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған.
  

Кітап көрмесіне шақырамыз!

 


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование