KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885840
2019 жылы:  19555
бүгiн:  1
қазiр:  28
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

18.03.2017

   Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы жанында ғылыми-әдістемелік орталық ретінде құрылған Каталогизатор мектебінде 2017 жылдың 13 – 17 наурыз аралығында  Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облыстық кітапханаларының мамандары дәріс алды.

   Тыңдаушылар библиографиялық және авторитеттік жазбаларды жасау ережелерін реттейтін халықаралық және ұлттық құжаттармен, сондай-ақ каталогтаудың негізгі және жалпы ережелерімен, нақты құжат түрлерін каталогтау ерекшеліктерімен танысты.
   Аймақтық кітапханалардың Кітапханалық-библиографиялық жіктеуден  (КБЖ) Әмбебап ондық жіктеуге (ӘОЖ) көшуіне байланысты халықаралық жіктеуді қолданудың негізгі әдістері мен қағидаларына ерекше көңіл бөлінді.
Тәжірибелік сабақтарда күрделі индекстерді құрастыру және ӘОЖ тарихы, ерекшеліктері, негізгі және көмекші кестелері, арнайы және  жалпы анықтауыштарын қолдану тәсілдері қаралды.
   Ақтөбе облысының кітапхана мамандарына Ұлттық кітапхана дайындаған Web-РАБИС жүйесінің 5 модулі көрсетілді.
Тәжірибелік сабақтар «Каталогизатор» модулінде өткізілді. Мамандар Web-РАБИС-тің артықшылықтарын, жұмыс істеу мүмкіндіктерін жоғары бағалады.
   Тыңдаушылар ҚР Ұлттық кітапханасының құрылымдық бөлімдерінің жұмысымен және Кітап сақтау қоры қызметіндегі құжаттардың  орналасу түрімен танысты.
   Сабақ соңында кітапхана мамандарына дәріс алғандығы жөнінде куәлік тапсырылды.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование