KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15066914
2019 жылы:  132449
бүгiн:  823
қазiр:  19
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.03.2017

   2017 жылғы 27 наурызда Н.Дәулетова атындағы залда экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мырзакелді Кемелдің танымдық көсемсөздік еңбектері және аудармаларынан құрастырылған «Кемел» атты әлем философиясының 5 томдық жауһарының тұсаукесері өтті. 

   Ұйымдастырушы: «Әдебиет әлемі» орталығы.
   Мырзакелді Кемел руханият саласында 10 кітап шығарған, олардың ішінде өзі жазған ізгілікке, имандылыққа, білім-білікке, ақыл-парасатқа үндейтін танымдық-көсемсөздік еңбектерге қоса, қытай ақылмандары Лао Цзы мен Конфуцийді, испан пәлсапашысы Бальтасар Грасиан, ежелгі үрім және грек ақылмандарының афоризмдерін, қазіргі ілімдерді насихаттаушы Луиза Хей, бүгінгі күннің ең атақты жазушыларының бірі Пауло Коэльолардың таңдаулы еңбектерін қазақ тілше тәржімалаған. «Дүние» және «Экология и устойчивое развитие» журналдарын шығаруға ат салысқан. «Абзалдық әліппесі», «Өзіме сабақ» сияқты кітаптары оқырман қауымнан жоғары бағасын алған.
   Іс-шараны ақын М.Шоқан жүргізді.
   Сөз сөйлегендер: Қазақстан Жазушылар одағының өкілі М.Райымбек театр мен кино актеры Б.Тұрыс; әдебиеттанушы ғалым, педагог Т.Тебегенов және т.б. 
   Қатысушылар: ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, оқырмандар және БАҚ өкілдері. 

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование