KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885742
2019 жылы:  19457
бүгiн:  1
қазiр:  21
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.03.2017

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінің ғалымдар залында көрнекті ғалым, әдебиеттанушы, сыншы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Серік Қирабаевтың 90 жасқа толуына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Серік Қирабаев 1927 жылы 23 наурызда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Атасу ауылында дүниеге келді. 1951 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін, 1952 жылы аспирантурасын бітіреді.
   С. Қирабаев өзінің еңбек жолын 1951 жылы Қазақ Мемлекеттік көркем әдебиет баспасында
аға редакторлықтан бастады, 1951-1952 жж. − «Әдебиет және өнер» (қазіргі  «Жұлдыз») журналының бөлім меңгерушісі, 1952-1955 жж. – «Пионер» журналының редакторы, 1955-1958 жж. − «Социалистік Қазақстан» (қазіргі  «Егемен  Қазақстан») газетінің әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, 1958 ж.− Қазақстан  Компартиясы ОК-ның үгіт–насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1958-1988 жж. – Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының аға оқытушысы, доцент, профессор, филология факультетінің деканы, оқу жөніндегі проректоры, 1988-1995 жж. – М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры, 1995 жылдан қазақ әдебиеті бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Жастарға ілтипатпен талап қоя білу, талантты жастарды қолдау, жоғарғы буын зиялыларының озық дәстүрлеріне өз шәкірттері мен ізбасарларын тәрбиеледі.
   С.Қирабаевтың алғашқы әдеби-сын мақалалары баспа беттерінде 1948 жылы жарық көрді. Ғалым-әдебиеттанушы, әдеби сынның таланты және жетекші ұстаз жоғары кәсіби шеберлігімен  филологиялық ойдың сирек бейнесі мен әдеби сынды үйлестіре білді. Бірнеше жылдар ағымында С.Қирабаев қазақтың әдебиеттануын бүкілодақтық шеңберде лайықты көрсете білді, КСРО ЖАК тексеру комиссиясына мүше бола отырып, ҚР Жазушылар одағының жұмысына белсене араласты, М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты мен Абай атындағы Қазақ ұлттық  педагогикалық университетінің диссертациялық кеңесін басқарды. Ғылыми симпозиумдар мен конференциялардағы баяндамалары мен лекцияларының  маңызы зор. С.Қирабаев білімді ортаны қалыптастырып, білімнің бай қорын анық, нақты мазмұндады.
   С. Қирабаев 700-ден астам ғылыми және  қазақ әдебиетінің маңызды мәселелері жайында әдеби-сын жұмыстардың, 40-қа жуық монографиялар мен зерттеулердің, 20-ға жуық оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Оның еңбектері көптеген зерттеушілер үшін қолдан түспейтін үстел  кітабына айналды. Бұлардың ішінде «Ғабиден Мұстафин» (1956), «Спандияр Көбеев» (1958), «Сәкен Сейфуллин» (1962), «Литература и эпоха» (1971), «Правда и мастерство» (1983), «Высокое назначение» (1985), «Уважение таланту» (1988), «Белые пятна в казахской литературе» (1995) және т. б.
   С. Қирабаевқа 1995 жылы «Жүсіпбек Аймауытов» атты монографиясы үшін ҚР ҰҒА-ның Ш. Уәлиханов атындағы сыйлық, 1996 жылы екі томдық Абай шығармаларының академиялық басылымын дайындауға қатысқан еңбегі үшін  ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді.

   С. Қирабаев әдебиетке қосқан салмақты үлесі үшін «Еңбек Қызыл Ту» (1974) және «Құрмет белгісі»(1987) ордендерімен, бірнеше медальдар мен Үкімет мақтау қағаздарымен марапатталған. Қазақстан және Қырғызстан ғылымдарының еңбек сіңірген қайраткері. ҚР Ғылым академиясының академигі (1994). 
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының кітап қорынан ғалым С. Қирабаевтың өмірі мен қызметкерлігі туралы материалдар, оның ғылыми еңбектері және мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары қойылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование