KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885752
2019 жылы:  19467
бүгiн:  1
қазiр:  26
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

30.03.2017

   2017 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Нұрғиса Тілендиевтің мұрасы және жаңа қазақстандық патриотизм» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.

   Ұйымдастырушылар: Нұрғиса Тілендиев атындағы Халықаралық қоғамдық қоры, «Ақ орда» республикалық қозғалысы, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты, Алматы қалалық ардагерлер Кеңесі және т.б.

   Нұрғиса Тілендіұлы  қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол 500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран қалдырады: ән, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, балет. Сүйікті шығармаларынанондаған әндері халықтық бояу нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған. Мұның сыртында қырықтан астам пьесаға және жиырмадан астам фильмге музыка жазған.

   Нұрғиса Тілендіұлы музыкасын жазған М.Әуезовтың, Ш.Аймановтың, Т.Ахтановтың, Ә.Тәжібаевтың пьесалары, сондай-ақ «Қыз Жібек», «Қилы кезең», «Менің атым Қожа», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Ақсақ құлан» фильмдері әлдеқашан қазақ сахнасы мен экран өнерінің классикасына айналған.
   1981 жылы «Отырар сазы» қазақтың мемлекеттік фольклорлық - этнографиялық оркестрін құрып, өмірінің соңына дейін соған жетекшілік етті. Тілендиев – «Алтын таулар» (Қ. Қожамияровпен бірлесіп) операсының, «Достық жолымен» (Л. Степановпен бірлесіп) балетінің, «Ата толғау», «Аққу» оркестрлік поэмасының, 40 шақты ән мен романстардың авторы. Тілендиев 100 спектакльге, көркемдік құжатты және мультипликациялық фильмдерге музыка жазды. Тілендиев шығармаларынан қазақтың халық музыкасына тән әуезділік, лиризм,азаматтық пафос пен динамизм ерекше үндестік тапқан.
   Конференция материалдары кітапша болып шығарылады.
   Сөз сөйлегендер: М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, өнертану ғылымының кандидаты З.Қасымова, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, әскери ғылымдарының кандидаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткер, Нұрағаңның жақын досы-інісі К.Серікбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткер, профессор П.Момынов, «Отрар сазы» оркестрінің дирижері, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ж.Бенидитов және т.б.
   Іс-шара соңында Н.Тілендиев туралы «Хабар» ТРА «Құстар қайтып барады» 2 бөлімнен тұратын фильмінен 3,5 минут үзінді көрсетілді.

  

  

  

 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование