KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15066735
2019 жылы:  132270
бүгiн:  644
қазiр:  19
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.04.2017

   3 сәуір, 2017 ж. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Атырау облысының әкімдігі «Сарайшық: ұлы қала тарихы» тақырыбында Халықаралық ғылыми конференция өткізеді. 40-тан аса отандық және шетел ғалымдары ортағасырлық Сарайшық қалашығын сақтап қалу бойынша шаралар мен ғылыми зерттеулердің қорытындысын талқылайды.

   Конференция қалашықты қалпына келтіру мен бұзылудан сақтау мәселелеріне жоғары білікті шетелдік және отандық ғалымдардың назарын аударуға бағытталған.
   Бүгінгі таңда табиғи-климаттық және антропогендік факторлардың әсерінен Сарайшық қалашығының жағдайы министрліктің, әкімдіктің, қоғам мен ғалымдардың алаңдаушылығын туғызуда.
   Ғылыми конференцияға ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, ҚР Парламентінің депутаттары, тарих ғылымдарының докторлары, белгілі археологтар З.Самашев, К.Байпақов, Ж.Таймағамбетов, Б. Көмеков, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Ғ.Есім, А. Бақтыгереева, М. Құлкенов, Қ.Жылқышиев тәрізді қоғам және мәдениет қайраткерлері, жақын және алыс шетел ғалымдары, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері және БАҚ қатысады.
   Сонымен қатар, конференция аясында Сарайшық қалашығы тарихына арналған көрме ұйымдастырылады. Көрмеге ежелгі қалаға қатысты көптеген құнды археологиялық бұйымдар, картиналар және т.б. заттар қойылады.
   Өткізу уақыты: 2017 жылғы 3 сәуір, сағ. 10.00.
   Өткізу орны: Астана қ. Тәуелсіздік даңғылы 54, «ҚР Ұлттық музейі» ғимараты.

   ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование