KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885824
2019 жылы:  19539
бүгiн:  1
қазiр:  37
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

31.03.2017

  «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жанынан  Қазақстанның Халық жазушысы Иван Павлович Щеголихиннің 90 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.   

   Иван Павлович Щеголихин 1927 жылы 1 сәуірде Қостанай облысы Қарабалық ауданының Ново-Троицк ауылында дүниеге келген. 1944-1945 жж. − әскери 
авиациялық училищесінің курсанты. 1956 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық
университеті ) бітірген. 1959 жылы А.М. Горький атындағы Әдебиет ститутында сырттай оқыған (Мәскеу қ.).
   И.П. Щеголихин 1956-1957 жылдары Алматы қаласында Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында дәрігер, 1957-1976 жылдары - «Простор» журналы редакциясында қызметкер, проза бөлімінің меңгерушісі, редактордың орынбасары, редколлегия мүшесі. 1994-1995 жылдары 13-ші шақырылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, мәдениет және баспа, бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық бірлестіктер жөніндегі комитетінің мүшесі, ал 1995-2003 жылдары – ҚР Парламент Сенатының депутаты, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңестің, әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық жөніндегі комитеті Президиумының, Жазушылар Одағы басқармасының мүшесі.
   Қазақстандық орыс жазушысы И.Щеголихиннің шығармаларының негізгі ерекшеліктері өткір сюжет, ойын-сауық роман, драмалық повестер. Жазушының бірінші  әңгімесі «Профессор қызы», «Советский Казахстан» (қазіргі «Простор») журналында 1954 жылы жарияланған. Тың игерушілердің қарапайым ерлік істері суреттелген «Снега метельные» романы  «Октябрь» (1960) журналында жарияланған. Содан кейін «И снова утро» (1965), «Дефицит» (1984), «Должностные лица» (1988), романдары  жарияланды. Повестер мен әңгімелері: «Седое поле» (1961), «Машина времени» (1969), «Назаров» (1970), «Время выбора» «(1979), «Холодный ключ забвенья» (2002), «Между прошлым и будущим» (2012) және т.б.
   Жазушы көркем аударма саласында жемісті жұмыс атқарды. Ол орыс тіліне қазақ классик жазушыларының шығармаларын аударған: С.Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешуін» (С.Талжановпен бірге ), С. Мұқанов «Балуан Шолақ» пен «Алыптың адымы» (М.Бұралқиевпен бірге), Ғ. Мұстафин «Көз көрген» (Т. Әлімқұловпен бірге) Х.Абдуллин «Тұрфан аспаны астында», З.Ақышев «Жаяу Мұса» және т.б. Жазушының соңғы шығармалары қиын қайта құру жылдарының куәсі және көркем шежірешісі бола білді.
   Иван Щеголихин 2010 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында қайтыс болды.
Жазушы сіңірген еңбектері үшін «Парасат» (1994) орденімен, «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» (2001), «Еңбек ерлігі үшін» медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен  марапатталған (1987)
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан И.Щеголихиннің шығармалары, өмірі мен қызметі туралы материалдар, мерзімді басылымдар беттерінде  жарияланған мақалалары, туыстары мен әріптестерінің естеліктері ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование