KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15066893
2019 жылы:  132428
бүгiн:  802
қазiр:  22
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

31.03.2017

   2017 жылғы 31 наурызда Кітапханатану залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының бакалавр, магистрант, докторанттарының ҚР Ұлттық  кітапханасында өткен ғылыми-зерттеу тәжірибесін қорытындылау іс-шарасы өтті.

   ҚР Ұлттық  кітапханасында 23 қаңтар – 31 наурыз аралығында ғылыми-зерттеу тәжірибесінен өткен Қазақ ұлттық консерваториясының  бакалавр, магистрант, докторанттары тәжірибе барысында Ұлттық кітапхананың құрылымдық бөлімдерінің жұмыстарымен танысып, өз оқу орындарындағы алған білімдерін шыңдай түсуге мүмкіндік алды.
   Олар Қорларды сақтау қызметінің жұмысына үлкен қызығушылық танытып, кітапханадағы барша қызметкерлердің тыңғылықты жұмыстарына деген таңданыстарын білдірді. Атап айтқанда, диссертация, өнер, ұлттық библиография қызметтерінің жұмыстарына тоқтала келе, кітапханадан алған әсерлерімен бөлісіп, ұжымға деген зор алғыстарын білдірді. 
  Сонымен қатар, жетекшілері А.Р.Бердібай, З.Сүлеева сөз сөйлеп, өз тараптарынан студенттердің алған тәжірибелері үшін кітапхана басшылығы мен ұжымына, жеке алғанда Ғылыми-әдістемелік қызметіне алғыстарын білдірді.
   Іс-шара соңында Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері өз өнерлерін ортаға салып, қатысушыларға қобыз бен домбырада әуезді күйлері мен әсем әндерін тарту етті.

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование