KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885744
2019 жылы:  19459
бүгiн:  1
қазiр:  23
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.04.2017

   «Өнер» бөлімінің оқу залында кескіндемеші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның халық суретшісі Жантай Шәрденовтің 90 жылдығына арналған «Хас шебер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    Ж. Шәрденов 1927 жылы 4 сәуірде Целиноград, қазіргі Ақмола  облысының Астрахан ауданына қарасты Коваленко ауылында дүниеге келген. 
   1949 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет  училищесін, қазіргі О.Таңсықбаев атындағы көркемсурет  колледжін бітірген. И.Е. Репин атындағы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) кескіндеме, мүсін және сәулет институтында оқыған. 1955 жылы Алматыға қайта оралып, республиканың көркем өміріне белсене араласты. Өзінің «Орталық мұражайы» (1957), «Ағаш түбіндегі шағын үй» (1971), «Жас қайыңдар» (1975), «Қапшағай теңізі» (1976), «Алмаарасан сайы» (1978), «Тауда» (1981), «Медеуге апаратын жол» (1983), «Кешкі әуен» (1988) сияқты жарасымдылығы мен композициялық шешімі жөнінен айрықша картиналарында туған ел табиғатының поэзияға толы әрі лирикалық жағынан пайымдалған образдарын жасады. «Талас даласында», «Алатау бөктерінде» (1970), «Көктөбе» (1972) атты жанрлық картиналарында адам мен табиғат құбылысы нәзік үндестік тауып, бояу-түстері етене үйлесе түседі. «Кезек» (1970), «Алматы жылу электр орталығы» (1974), «Теміртаудағы завод» (1971) атты индустриялық пейзаждары әсерлі, ырғақты әрі көркем жасалған. Сонымен қатар ол «Сары гүлді натюрморт» (1961), «Капуста» (1968), портреттер (жазушы С.Бегалин (1982), екі мәрте Кеңес Одағының Батыры  Т.Бигелдиновті (1985) және т. б. жасады.
   Қазіргі кезде суретші шығармаларының кез келген ірі мұражай топтамаларында бар болуы  зор абырой саналады. Еңбектері Ә. Қастеев атындағы қазақ мемлекеттік өнер мұражайында, Заманауи өнер мұражайында, Астанада, жеке топтамаларда сақталған. Ж.Шарденов шығармалары шет елдерде талай рет көрмеге қойылды.  Оның өнерін америкалық белгілі суретші Р. Кент жоғары бағалады.
   Қазіргі қазақ өнерінің ұлы суретшісін мәңгі есте сақтау үшін «Ұмай» өнер мұражайына, Алатау ауданындағы бір көшеге Жаңатай Шәрденовтің есімі берілген. Үкіметтік  наградалармен марапатталған.
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының кітап және мерзімді басылымдар қорынан  суретші Жантай Шәрденовтің  өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған. 

   Кітап көрмесіне қош келдіңіздер!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование