KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885764
2019 жылы:  19479
бүгiн:  1
қазiр:  35
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

06.04.2017

   2017 жылғы 6 сәуірде Н.Дәулетова атындағы залда «Кітапханалар ұлттың сапалы адами капиталын қалыптастыруда» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел аясында Қазақстанның облыстық әмбебап кітапханалары арасында өткізілген «Оқырманы озық өлке» республикалық байқауының жеңімпазын марапаттау рәсімі болды.

   Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Сейдуманов құттықтау сөзбен ашты.
   Дөңгелек үстелге қатысушыларға «Оқырманы озық өлке» республикалық байқауын өткізу бойынша ақпарат берілді. Байқауды өткізуге бастамашы әрі ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы. Қазақстан Республикасындағы ең көп оқитын аймақты анықтау мақсатындағы бұл байқау жыл сайын өткізілетін болады. Байқаудың міндеті – тұрғындарды оқуға тарту, облыстық кітапханалардың әлеуметтік мәртебесін көтеру, олардың қызметтерін білім беру және мәдени-ағарту орталықтары ретінде оңтайландыру. «Оқырманы озық өлке» республикалық байқауына өткен жылы 7 облыстық кітапхана қатысқан болатын.  Қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы иеленді. Байқау шарттары мен критерийлері бойынша, атап айтқанда – халықпен қамтылу, өткізілген іс-шаралар саны, жұмыстың инновациялық әдістері және слайдтар мен бейнежазбаларды безендіруге деген креативті тәсілдері бойынша «Оқырманы озық өлке» құрметті атағына лайық деп танылған бұл кітапханаға диплом табысталып,  Байқаудың естелік мүсіншесі,  сондай-ақ кітап жиынтығы мен «Кітап және Кітапхана. Книга и Библиотека. Book & Library» мамандандырылған-сараптамалық журналының 10 данасы сыйға тартылды.  
   Дөңгелек үстел барысында «Кітапханалар ұлттың сапалы адами капиталын қалыптастыруда» атты баяндама тыңдалды. Іс-шара соңында Директордың ғылым жөніндегі орынбасары А.Х.Юсупова Қазақстандық Кітапханалық Одақ және Түркиядағы Халықаралық конференция туралы ақпарат берді.
   Семинарға еліміздің республикалық, облыстық, ғылыми және ЖОО кітапханаларынан қонақтар, олардың басшылары мен кітапханашылары қатысты.

  

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование