KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885827
2019 жылы:  19542
бүгiн:  1
қазiр:  40
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.04.2017

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің ғалымдар залында Ғылым қызметкерлерінің күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 маусымдағы №164 Жарлығына сәйкес Қазақстанда 12 сәуір Ғылым қызметкерлерінің күні ретінде дәстүрлі түрде атап өтіледі. Бұл күн Қазақстандағы Ұлттық ғылыми жүйені қалыптастыру үшін негіз болды.
   Кез келген мемлекеттің тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі ғылым, білім беру және ұлт денсаулығы болып табылады. Ғылым - даму мен шындық туралы объективті білімді теориялық жүйелейтін адамзат қызметінің саласы болып табылады. Бұл жан-жақты және біртұтас құбылыс. Ғылым қоршаған ортаны ғана емес, сонымен қатар әлеуметтану ғылымының философиясы: тарих және философия ғылымын, логика мен ғылым әдістемесін, ғылыми шығармашылық психологиясын, ғылымтануды зерттейді.
   2017 жылғы 22 ақпанда Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Ұлттық ғылым академиясының 70 жылдық мерейтойымен құттықтады. Мемлекет басшысы ғылым қайраткерлеріне еліміздің  ғылым  саласын одан әрі жаңғыртуға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді, сонымен қатар болашаққа болжау жасады. Президент Ғылым академиясы жанынан этика органын құруды және ғылым кодексін әзірлеуді ұсынды. Ол жаһандық кеңістікке ену үшін ғылыми еңбектердің кем дегенде жартысын ағылшын тілінде жариялану қажеттігін ұсынды. Мемлекет басшысы Ұлттық Ғылым академиясының мерейтойына орай Білім Министрлігіне және тұтастай Үкіметке әлемдік деңгейдегі зерттеу орталықтарында оқытуды, ең үздік зерттеушілер үшін қосымша гранттар құруды  тапсырды.

   Кітап көрмесіне Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорындағы Қазақстанның көрнекті ғалымдарының қазақ ғылымының тарихы бойынша, сондай-ақ отандық ғылымның қазіргі заманғы  ғылымды дамыту басымдықтары туралы еңбектері қойылды.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование