KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885784
2019 жылы:  19499
бүгiн:  1
қазiр:  42
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

05.04.2017

   2017 жылғы 5 сәуірде ҚР Ұлтық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залда ПЕН клубтың кезекті отырысы өтті.

   ПЕН-клуб (англ. PEN International) — әр түрлі әдеби жанрларда жұмыс істейтін, кәсіби жазушылар, ақындар мен журналисттерді біріктіретін, халықаралық құқық қорғаушы өкіметтік емес ұйым.
   ПЕН клубтың атауы — «PEN» — қыл/қалам сөзіне құралатын, «poet» (ақын), «essayist» (эссеист), «novelist» (романист) ағылшын сөздерінің аббревиатурасы. Ұйым мақсаты қудалаушылыққа ұшыраған «сөз» адамдарын қолдау үшін, бүкіл әлемдегі жазушылардың шығармашылық ынтымақтастығы мен олардың бірігуі болып табылады. Ұйым репрессиялық клуб мүшелері – түрмеде отырған, материалдық қиыншылықтарды бастан кешіріп отырған немесе саяси жүйемен басылымдары басылған жазушыларға қолдау көрсетеді.
   ПЕН-клуб 1921 жылғы 5 қарашада ағылшын жазушысы Кэтрин Эми Доусон-Скотт және клубтың алғашқы басшысы болған, жазушы Джон Голсуорси бастамаларымен Лондонда құрылды. 
   2010 жылы клубқа 101 елдің 144 ұлттық орталықтары кірді. Ұлттық орталықтар тіл ерекшеліктері негізінде құрылды. Ұйым құжаттары бойынша ПЕН-клуб мүшелігі ұлты, тілі, нәсілі мен табынушылығына қарамастан, барлық кәсіби жазушыларға ашық. Соңғы жылдары ПЕН-клубқа ақын-жазушылар мен журналисттерді ғана емес, аудармашы, редактор мен баспагерлерді – қаламмен кәсіби не басқа да сапада жұмыс істейтін адамдарды да қабылдауда.
   Жыл сайын ПЕН-клуб кезекпен Еуропа, Азия, Африка және АҚШ-та – ұлттық ПЕН-орталықтары бар елдерде халықаралық отырыстар өткізеді.
   Іс-шараны ПЕН-клуб президенті Ғабдуәлі Бигелді ашты.
   Сөз сөйлегендер: Олжас Сүлейменов, Смағұл Елубаев, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Мұрат Әуезов, Нұртөре Жүсіп, Адольф Аршицевский, Әлібек Асқар және т.б.
   Іс-шараға қатысқандар: қоғам қайраткерлері, «Азаттық» радиосы, «31 канал» телеарнасы, «Алматы» телеарнасы, InterContinental журналы және басқа да БАҚ өкілдері.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование