KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885794
2019 жылы:  19509
бүгiн:  1
қазiр:  7
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.04.2017

   2017 жылғы 6-8 сәуір аралығында сағ. 10.00-де Алматы қ. «Атакент» Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, «Атакент-Экспо» Халықаралық көрме компаниясы мен Қазақстанның баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар қауымдастығымен бірлесіп, «Ұлы Жібек Жолымен – 2017» IX Халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесі өтті.

   «Ұлы Жібек Жолымен – 2017» көрмесі Қазақстанның, алыс және жақын шет елдер баспагерлері, кітап таратушылары және полиграфистері қызметінің, Алматы қаласының қонақтары мен тұрғындарының мәдени өміріндегі маңызды оқиға болып табылады.
   Көрменің негізгі мақсаттарының бірі - қазіргі заманғы қазақстандық кітаптарды кеңінен таратуға және отандық кітапбаспа саласын нығайтуға ықпал ету, баспа ісінің субъектілері арасында тәжірибе алмасу, отандық кітап нарығында ұлттық өндірушілердің орнын бекіту, көптеген елдердің баспагерлік, полиграфиялық және кітап сатушы компаниялар мен фирмалар арасында мәдени және іскерлік байланыстарды ұлғайту, елдер мен серіктес кәсіпорындар арасындағы байланыстарын әрі қарай дамыту, кітап өндірісіне, полиграфияға және кітап сатуға соңғы технологияларды енгізу және т.б.
   Көрмеге баспа-полиграфиялық және кітапханалық салалардың өзекті мәселелері мен болашақ даму перспективалары талқылауға, сондай-ақ іскерлік және кәсіби байланыстарды кеңейтуге және тәжірибе алмасуға жиналатын Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Үндістан, Түркия елдерінің жетекші баспалары, полиграфиялық кәсіпорындар мен кітапханалары қатысты.
   «Ұлы Жібек Жолымен – 2017» IX Халықаралық кітап және полиграфиялық көрменің ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, ҚР Ұлттық кітапхананың директоры Сейдуманов Жанат Тұрарович, Ресей консулдығының өкілдері және басқа да ресми тұлғалар қатысты. Көрмеге арнайы қатысуға ISSN Халықаралық орталығының директоры Гаэль Беке (Париж қ., Франция), ТМД елдерінің кітап палаталарының өкілдері келді.
   «Ұлы Жібек Жолымен – 2017» IX Халықаралық кітап және полиграфиялық көрме бағдарламасында кітап нарығының мамандарына: баспагерлерге, кітапсатушыларға, әдеби агенттіктеріне, полиграфиялық кәсіпорындары және т.б. арналған шығармашылық кештер, семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа іс-шаралар өткізілді. 
   Көрме жұмысы барысында ҚР Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен еліміздің кітапханаларына арналған «Кітапхана ұлттың сапалы адами капиталын қалыптастыруда» атты семинар-кеңес өтті.
   Көрме аясында көркем, оқу, техникалық, ғылыми-көпшілік, балалар әдебиеттері; баспалық шешімдер – кітап басу және баспаға дейінгі дайындық, электронды кітап басу, мерзімді басылымдар, полиграфиялық қызметтер мен материалдар, баспа графикасы ұсынылды.
   Балалар шығармашылығы, әдеби ойындар мен жұмбақтар, өлең оқу және т.б. қамтитын балалар бағдарламасы әзірленген.
   «Ұлы Жібек Жолымен – 2017» IX Халықаралық кітап және полиграфиялық көрмесінде алғашқы рет Грузия, Украина, Қазақстанның әйгілі гроссмейстерлері қатысатын «Ходжа Насреддин» атты І Халықаралық шахмат турнирі өтті.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование