KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15063521
2019 жылы:  129056
бүгiн:  2926
қазiр:  45
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.04.2017

   2017 жылғы 12 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасы Е.Тұрсыновтың киноклубында Алматы полиграфиялық колледждің 40-жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті.
   Алматы полиграфиялық колледж – полиграфия саласының мамандарын дайындайтын жалғыз оқу орны. Болашақ баспагерлердің ұясы қазіргі заманға сай, жаңартылған қамтамасыз ету бағдарламасы бар техникалармен жабдықталған. Өзінің оқыту типографиясы да бар. Ерекшелігі – уақыттың қарқынды үлесін алатын, өндіріске барынша жақындатылған оқу процессі.
   Колледж болашақ полиграфисттерді «Дәуір» республикалық баспа-полиграфия орталығы, «Атамура» (полиграфкомбинат) корпорациясы, «Алатау» баспа-полиграфия орталығы және басқа да жеке баспалармен бірігіп дайындайды. Полиграфия жабдықтарының өндірісіндегі әлемге танымал көшбасшысы –  австриялық фирма «Гейдельберг» пен колледж арасындағы келісім-шартқа сай колледж жаңа технологияларды игерген және жұмыс нарығында жоғары сұранысқа ие мамандар дайындауға мүмкіндік алды.
   Сөз сөйлегендер: Алматы полиграфиялық колледжінің директоры Б.Ә.Ахметов, Білім беру басқармасы директор орынбасары Л.Ә.Жылқыбаева, «Керуен сазы» ансамблімен бірге опера әншісі Жәмилә Баспақова, «Меруерт» би ансамблі және де алыс-жақын шет елдерден келген қонақтар.

  

  


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование