KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885833
2019 жылы:  19548
бүгiн:  1
қазiр:  37
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.04.2017
   2017 жылғы 21 сәуірде «Қазақстан кітаптары» оқу залында Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Депозитарийінің жұмысы аясында татар халқының белгілі ақыны Ғабдолла Тоқай күніне арналған әдеби іс-шара өтті.
 
   Ғабдолла Тоқай − татардың халық ақыны, әдеби сыншы, публицист, қоғам қайраткері және аудармашы. Ол артына өшпес шығармашылық мұра қалдырды, бүкіл татар әдебиеті мен драматургиясының дамуына айтарлықтай әсер етті.
   Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Депозитарийінің жұмысы аясында «Қазақстан кітаптары» қызметі мен Қазақстан башқұрт және татар қауымдастығымен бірлескен іс-шараға Қазақстан мен Татарстан Жазушылар одағының өкілдері, зиялы қауым өкілдері мен Алматы қаласының жұртшылығы, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.
   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Т.Сейдуманов ашты. Алматы қаласы Ресей Федерациясының Бас консулы И.В.Переверзева, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ғ.Жайлыбай, татар этно-мәдени орталығы төрағасының орынбасары Р.Гузаиров, Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ж.Ш.Мурұнова, имам Азат Фазельжанов сөйледі. Қатысушылар ақын  Ғ.Тоқайдың өлеңдерін оқып, ақынның сөзіне жазылған «Туған тіл» әнін татар тілінде жырлады.
 
   Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ақынның шығармалары, өлеңдерінің аудармалары және татар әдебиеттері, өмірі мен шығармашылығына арналған «Татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың шығармашылығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесін «Қазақстан кітаптары» қызметінің топ жетекшісі Г.Бахтыгереева таныстырды.

  

  


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование