KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885733
2019 жылы:  19448
бүгiн:  1
қазiр:  16
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.04.2017

   2017 жылғы 21 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыруға» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Қазақ-араб мәдениаралық байланыстарының даму мәселелері мен перспективалары» атты дөңгелек үстел өтті.

   ҚР Ұлттық кітапханасы еліміздің рухани дамуына, адами капитал сапасын көтеруге, сондай-ақ ұлттық құндылықтарымызды ілгерілетуге, әлемге таныту бағытында көптеген жұмыстар атқаруда. Елбасының ұлттық мәдениетімізді сақтап қана қоймай, мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстыру міндеті аясында Ұлттық кітапхана ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін шетелдерде таныстыру мақсатында шет елдерде халықаралық кітап көрмелерін ұйымдастыруды, шетел ұлттық кітапханаларында Қазақстанның кітап бұрыштарын ашуды іске асырып жатыр. Шет елдермен, соның ішінде араб әлемімен осындай орталықтар ашу бойынша келіссөздер белсенді жүргізіліп, соның нәтижесінде 2016 жылы Қазақстанның Кітап бұрыштары Кувейт мемлекетінде, Мысырда және Түркия Ұлттық кітапханасында ашылды. Ү.ж. сәуір айында Біріккен Араб Әмірліктерінде Дубай Ұлттық кітапханасында Қазақстанның кітап бұрышы ашылмақшы.
   Араб елдерімен мәдени байланыстарды нығайту аясында Ұлттық кітапхананың шақыруымен 18 сәуірде Қазақстанға араб әлемінің белгілі тұлғасы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Ізгі ниет елшісі, Help_4_Love Қайырылымдылық қорының Президенті д-р Ахмад әл-Масқати сапармен келді. Сапар мақсаты – екі жақты байланыстарды орнату, қайырымдылық көмек көрсету. Сонымен қатар, Кувейт Мемлекетінен International Women's Group-ның төрайымы Наржес аль-Юсефи бастаған танымал іскер әйелдер делегациясы келді. Сапар барысында қонақтар Қазақстанның сан қырлы ұлттық мәдениеті мен өнерімен танысты. Д-р Ахмад әл-Масқати әлеуметтік нысандарға, Алматы қ. жоғары оқу орындарына барды. Кездесулер нәтижесінде бірқатар бірлескен жобаларға қол жеткізілді.
   Дөңгелек үстелдің мақсаты – қазақ-араб елдері қатынастарын әрі қарай тереңдету және дамыту. Іс-шара барысында өзара байланыстар мәселелері талқыланады, сонымен қатар қонақтар өздерінің кәсіби қызметі мен жетістіктерімен, және де басқа да ойларымен  бөліседі. 
   Дөңгелек үстелге белгілі қоғам және ғылым қайраткерлері, жоғары оқу орындарының өкілдері, зиялы қауым және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование