KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15059475
2019 жылы:  125010
бүгiн:  1
қазiр:  21
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.04.2017

   2017 жылғы 23 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай, Ашық есіктер күні өтті.

   Кітапхана фойесінде қазақстандық баспалардың қатысуымен кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылды. «Балаларға кітап сыйла» акциясының аясында, Ұлттық кітапхана балаларға балалар кітаптарын тарту етті. Е.Тұрсынов киноклубында «Көшпенділер», «Сұлтан Бейбарыс», «Алпамыс мектепке барады», «Кек» атты фильмдері тегін көрсетілді. Жас көрермендерімізге  Балалар театрының «Тук-Тук», «Кто там?» атты спектаклі ұсынылды. С.Бегалин атындағы балалар кітапханасының қызметкерлері қызықты жарыстар, сауалнамалар және шеберлік-кластар  өткізіді.
   Кітапхана ғимаратының алдында орналасқан Буккроссинг (еркін кітап алмасу) өз оқырмандарын күтеді. Әркім өз кітаптарын әкеліп, ұнаған әдебиетін алып кете алды.
   Ұлттық кітапханада тілек білдірген келушілерге танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

  

    
 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование